Отандық телеарналардағы дизайн мәселелері
Просмотры: 59 / Загрузок PDF: 135
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-133-4-52-60Ключевые слова:
теледизайн, дизайнер, теледизайнер, телеарнаАннотация
Мақалада отандық телевизиядағы дизайн мәселелері жан-жақты қарастырылған. Қазақстан медиа кеңістігінде интернет қолданушылар саны артқанымен,
телевизия саласы әлі күнге дейін алдыңғы қатарда орын алып келеді. Тіпті, интернет
кеңістігіндегі бейнематериалдар контентін де толтырып отырған телеарналардағы
бағдарламалар екені ақиқат.
Мақалада осы телеарналардағы дизайн туралы айтылып, оның шығу тарихы мен қоғамдық әсері жөнінде сөз етіледі. Аудиторияны игеруде телеарналардағы үйлесім, адам жаны
мен көзқуанышына айналатын телемұқаба, бейнелік безендірулер, жанын рахатқа
бөлеп, жүрек қылын тербейтін музыка т.б. телевизиялық көрнекіліктердің рөлі қаралып, ондағы ерекшеліктер мен күрделіліктер тілге тиек етіледі. Арнайы бағдарламалар
арқылы жасалған моушн-дизайнның ұтымды тұстары мен құрылымының бүгінгі дизайнерлер үшін тиімділігі де назардан тыс қалмайды. Теледизайнердің жасаған жұмысына қойылатын талаптар мен міндеттер де ой безбеніне салынады.
Сонымен қатар, қарапайым балалардан бастап егде жасқа дейінгі көзі қарақты көрермен талғамына әсер етудегі телеарна бағдарламалары теледизайндарының мән-маңызы
баяндалған. Адам психологиясы үшін түс пен ырғақтың, реңк пен қимыл-әрекеттің
орны кеңінен зерделеніп, теледизайнның санада жатталуы, рейтинг пен инвестиция
тартудағы көркемдік деңгейі ұсынылған.