Facebook-тегі қазақтілді топтардың қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі: коммуникация, мәдениет және саяси белсенділік аспектілері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

Facebook, әлеуметтік желі, қоғамдық пікір, саяси белсенділік, коммуникация

Аңдатпа

Бұл мақалада әлеуметтік желілердің, атап айтқанда Facebook-тегі қазақтілді топтардың қоғамдық санаға ықпалы қарастырылады. Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде бұл топтар әлеуметтік және саяси мәселелер бойынша қоғамдық пікір қалыптастырып, ұлттық мәдениетті насихаттауда, қазақ тілінің мәртебесін арттыруда және саяси белсенділікті дамытуда маңызды рөл атқарады. Мақаланың мақсаты – қазақтілді топтардың қоғамдық сананы трансформациялаудағы және әлеуметтік белсенділікті арттырудағы рөлін анықтау. Сонымен қатар, зерттеу қазақтілді топтардағы ақпарат алмасу ерекшеліктерін, олардың әлеуметтік желілерде қазақ тілінің мәртебесін арттырудағы рөлін, сондай-ақ әлеуметтік қозғалыстар мен әлеуметтік әділеттілік мәселелеріндегі белсенділігін кешенді түрде қарастырады. Зерттеу нәтижелері қазақтілді топтардың қоғамдық санаға ықпалын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеу қазақтілді Facebook топтарындағы жарияланымдар мен пікірталастарды контент-талдау және салыстырмалы талдау әдістеріне негізделген. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – осы онлайн қауымдастықтардың қоғамдық дискурсты қалыптастырудағы және цифрлық коммуникация кеңістігінде қазақ тілінің позициясын нығайтудағы рөлін айқындаумен сипатталады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-04-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тергембай K., Молдабаев K., & Абдрахманова A. (2026). Facebook-тегі қазақтілді топтардың қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі: коммуникация, мәдениет және саяси белсенділік аспектілері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 154(1), 163–179. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/938

Журналдың саны

Бөлім

Статьи