Мобилография – медиадағы жаңа құбылыс


Қаралымдар: 264 / PDF жүктеулері: 484

Авторлар

  • Б. Сердәлі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-142-1-23-29

Кілт сөздер:

мобилография, жаңа медиа, мобильді қондырғы, фотосурет, фотожурналистика, android, жарық

Аңдатпа

Бүгінгі медиа тек ақпарат таратып қана қоймай, сонымен қатар аудио-визуальды туындыларымызды қолымыздағы кішкентай мобильді құрылғыларымыз арқылы көріп, тыңдап, оқып сезінуге болатын тосын жаңалықтарды туғызуда. Мұндай үрдіс әдетте медиа саласындағы заманауи ізденістермен қабаттаса жүреді. Сондықтан мобильді журналистика тек шетелде ғана емес, Қазақстанда да кең етек алуда. Әсіресе, жаңа медиа мүмкіндіктеріне құмар жас журналистер мен болашақта медиа саласында қызмет етуге талпынған білімгерлер бұған айрықша ден қоюда. Олар бұрынғыдай үлкен портативті компьютерлердің, мониторлардың алдында ұзақ отырмай-ақ, қолдарындағы кішкентай мобильді құрылғылары арқылы түсірілім, дыбыстау, монтаж жұмыстарын жол-жөнекей атқарып, сапалы медиаөнім жасауға болатынын дәлелдеуде. Мақаламызда сөз еткелі отырған мобилография сондай құбылыстардың бірі. Мұны образды түрде электронды журналистикадағы жаңа бір бағыт десек те болар. Алдымен бұл фотоөнер жанры түрінде пайда болды да, аз уақыттың ішінде миллиондаған фотоәуесқойлар арасында танымалдылыққа ие болды. Ал фотография мамандары арасында имидж жасайтын скептикалық хайпқа ұласты. Мақалада мобилографияның арнайы құрылғылардың (мысалы, қашықтықтан басқарылатын бейнероботтардың, жылжымалы телестудиялардың) көмегімен өзінің орналасқан жері немесе физикалық орналасуынан басқа жерде де кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін технологиялар жиынтығы да қарастырылған. Қазір осы үрдісте телевизиядағы, радиодағы, ғаламтордағы түсірілімдері де жасала бастады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-05-17

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сердәлі, Б. . (2023). Мобилография – медиадағы жаңа құбылыс. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 142(1), 23–29. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-142-1-23-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи