Жаңа медиа туралы дәрістерде нейрондық желілерді пайдалану әдістемесі
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
цифрлық медиадидактика, коммуникативті-іскерлік дағды, іскерлік құзырет, жасанды интеллект, нейрондық желілер, жаңа медиаАңдатпа
Бұл зерттеу нейрондық желілерді (бұдан әрі – нейрожелілер) «Журналистика және репортерлік ісі» білім беру бағдарламалары аясында оқытылатын пәндерде интерактивті білім беру ортасын қалыптастырудың инновациялық тәсілі ретінде пайдалану мүмкіндіктерін айқындау мақсатын көздейді. Мақалада жаңа медианы оқыту процесінде нейро-желілерді қолданудың замануи әдістері жан-жақты қарастырылады. Атап айтқанда, нейрожелілердің оқу контентін әзірлеу мен оқу үдерісін жекелендіру ісіндегі рөліне, сондай-ақ, оқытушы мен білім алушы арасындағы өзара әрекеттестікті күшейту мүмкіндіктеріне назар аударылады. Зерттеу барысында журналистика факультеттеріндегі дәстүрлі сабақ құрылымындарын қайта қарастыра отырып, нейрожелілерді қолдану негізінде сабақтың технологиялық құрылымын құрудың практикалық тәсілдері ұсынылады. Бұл тәсілдер білім алушылардың цифрлық сауаттылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – жаңа медианы оқыту үдерісіне нейрожелілерді енгізу арқылы оқу мақсаттарын құруға бағыттылған сабақтың технологиялық құрылымын әзірлеуге мүмкіндік беретін, әдістемелік ұсынымдардың алғаш рет тұжырымдалуында. Аталған ұсынымдар журналистика бағытында білім беру мазмұнын жаңғыртуға және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Зерттеу нәтижелері нейрожелілердің оқыту үдерісінде айтарлықтай әлеуетке ие екенін көрсетті. Олар оқытушының көмекші құралы бола отырып, білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда, сондай-ақ, креативтік сыни ойлау, командада жұмыс істеу секілді «жұмсақ дағдыларды» (soft skills) жетілдіруде тиімді цифрлық ресурс ретінде бағаланады.
