Медианың Орталық Азиядағы су қауіпсіздігі туралы қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

медиа, Орталық Азия, су қауіпсіздігі, қоғамдық пікір, дискурс, ықпал

Аңдатпа

Бұл мақаланы жазудағы негізгі мақсат – Орталық Азия елдеріндегі су қауіпсіздігі мәселелерінің жалпы қоғамда талқылануына бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын анықтау. Қазіргі таңда бұл аймақтарда су ресурстарының шектеулілігі, климаттың өзгеруі және өзендердің транс шекаралық сипатының алдыңғы кезекке шығу мәселелері күн тәртібіне қойыла бастады, мұндай жағдайда БАҚ экологиялық ағарту ісін ілгерілету, саясатқа әсер ету және азаматтық қоғамды жұмылдыру құралына айналуы тиіс. Осы себепті контентті талдау әдісімен әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып, Қазақстан медиасында су қауіпсіздігі тақырыбының көтерілу және жазылу бағыттарындағы негізгі үрдістер анықталды. Бұл мақалада экологиялық журналистиканы дамыту және халықтың медиасауаттылығын арттыру су қауіпсіздігі мәселелерін тұрақты шешуге алғышарт болатыны көрсетіледі. Зерттеу жұмысының практикалық мәні деп экологиялық тақырыптардағы ғылыми жұмыстар мен жобаларды жазу кезінде зерттеу барысындағы ғылыми тұжырымдар мен деректерді қолдануды айтуға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қыдырмолданова, І. ., & Ошанова, О. . (2026). Медианың Орталық Азиядағы су қауіпсіздігі туралы қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 153(4), 77–92. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/875

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)