Қазақстандағы діни жаңалықтардың БАҚ-тағы көрінісі: мектептер- дегі хиджаб мәселесі
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
мектеп формасы, хиджаб, медиа репрезентация, Азаттық радиосы, Tengrinews, контент-анализ, БАҚ риторикасыАңдатпа
Бұл зерттеу жұмысы Қазақстандағы мемлекеттік мектептердегі хиджаб кию мәселесінің медиадағы көрінісіне бағытталған. Соңғы жылдары мектептегі хиджаб тақырыбы қоғам арасында жиі көтеріліп, әле- уметтік пікірталастардың басты объектісіне айналды. Әсіресе, жаңа оқу жылы басталатын қыркүйек айында бұл хиджаб мәселесі қоғамдық және медиалық дискурсқақайта оралып отырады. Зерттеудің мақсаты – БАҚ-та мектептегі хиджабқа байланысты жаңалықтар, пікірлер мен сараптамалық материалдар жиі жарияланғанымен, бұл тақырыптың медиа кеңістіктегі репрезентациясы әлі күнге дейін зерттелмеген. Осы олқылықты толтыру мақсатында аталған тақырыпты зерттеу қазіргі қоғам үшін маңызды әрі қажетті болып отыр. Зерттеудің негізгі бағыты – діни атрибуттың медиадағы репрезентациясын талдай отырып, қаржыландыру көзі әртүрлі болатын “Azattyq” және “Tengrinews” медиаларында мектептегі хиджаб 2017-2024 жылдар аралығында қалай репрезентацияланғанын контент анализ әдісі арқылы бағалау. Авторлар бұқаралық ақпарат құралдарының мектептегі хиджаб мәселесіне қатысты қандай риторика мен фреймдер қолданатынын, оны қоғамға қалай ұсынатынын анықтайды. Зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы – хиджаб мәселесінің медиадағы ре- презентациясын талдай отырып, тек діни бейненің емес, тұтастай алғанда қоғамдағы идеологиялық, мәдени және құқықтық қайшылықтардың қалай көрсетілетінін анықтау. Зерттеуде қолданылған ғылыми әдіс – сандық, сапалық контент-анализ және сыни дискурстық талдау әдісі. Бұл әдіс арқылы 2017-2024 жылдар аралығында “Azattyq” және “Tengrinews” ме- диаресурстарында жарияланған мектептегі хиджаб мәселесіне қатысты 20 мақала жүйелі түрде таңдап алынып, мазмұндық тұрғыда салыстыру арқылы зерттелді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – Қазақстандық медиа кеңістігінде мектептегі хиджаб мәселесінің репрезентациясына алғаш рет салыстырмалы контент-анализ жасалып, медиа дискурстың қоғамдық пікірге ықпалы айқындалды.
