Қожа Ахмет Ясауи ілімі негізінде ақпараттық қоғамдағы журналистердің жауапкершілік мәселелері


Қаралымдар: 87 / PDF жүктеулері: 31

Авторлар

  • А.Т. Бельдибекова Әзірет-Сұлтан Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығы https://orcid.org/0009-0009-6376-4124

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2025-152-3-139-154

Кілт сөздер:

цифрлық этика, рухани тұтастық, журналистика, ақпараттық қоғам, Ясауи, медиа жауапкершілік

Аңдатпа

Мақалада цифрлық ақпараттық кеңістіктегі журналистік этика мен рухани тұтастық мәселесі қарастырылған. Жаңа медианың қарқынды дамуы рухани-адамгершілік құндылықтарды өзгертті. Осы тұрғыдан алғанда цифрлық этиканың мазмұны мен оның рухани тұтастықпен байланысы талданады. Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі кемелдікке жету концепциясы бүгінгі БАҚ қызметінде жауапкершілік пен адамгер- шілік бағдардың өзекті үлгісі ретінде ұсынылған. Бүгінгі журналистиканың міндеті – ақпараттық және рухани тұтастықты сақтау. Бұл мақалада сопылық ілімдерге негізделген цифрлық этика мен рухани тұтастықты біріктіретін журналистік тәжірибенің жаңа тәсілдері қарастырылады. 21 ғасырдағы журналистика ақпарат тарату құралы ғана емес, құндылықтар- ды таратушы күш ретінде де қызмет етеді. Ақпараттық қоғамда бұқаралық ақпарат құралдары тікелей қоғамдық сана мен рухани ахуалды қа- лыптастырады. Дегенмен, цифрлық кеңістіктің мүмкіндіктерімен қатар, рухани-адамгершілік сілкіністерді өршіту қаупі де бар. Қазақ руханиятында жеке адам мен қоғам арасындағы үндестік орталық ұстаным болып саналады. Бұл ұғым сопылық ілімде де кең таралған. Қожа Ахмет Ясауи мұрасындағы адамның ішкі кемелдігіне ұмтылу идеясы заманауи журналист тұлғасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Медиа кеңістігінде ақпараттық-сауықтыру (инфо-сауықтық) контенті басым. Бұл тұтынушының назарын аударады, бірақ рухани мазмұннан алшақтатып, жеке тұлғаның тұтастығын бұзады. Әлеуметтік желідегі манипуляциялық мазмұн, өшпенділік және жалған жаңалықтар тек қоғамдық пікірге ғана емес, адамның дүниетанымына да әсер етеді. Бұл жағдайдан шығу үшін бұқаралық ақпарат құралдарының этикалық жауапкершілігін арттыру қажет. Ясауидің ниет тазалығы, іс-әрекетке жауапкершілік, парасаттылық ұстанымдары қазіргі цифрлық этика талаптарына сай келеді. Мақалада отандық БАҚ-тағы рухани мазмұнды қалыптастыру жолдары мен журналистік тәжірибенің этикалық аспектілері де қарастырылған.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бельдибекова, А. (2025). Қожа Ахмет Ясауи ілімі негізінде ақпараттық қоғамдағы журналистердің жауапкершілік мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 152(3), 139–154. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2025-152-3-139-154

Журналдың саны

Бөлім

Статьи