«Яш Түркістан» журналының идеологиялық күресі: кеңестік насихатқа қарсы балама көзқарас (1-13 сандары материалдары негізінде)
Қаралымдар: 115 / PDF жүктеулері: 123
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2025-151-2-176-196Кілт сөздер:
Яш Түркістан, кеңестік насихат, эмиграциялық баспасөз, ақпараттық күрес, балама көзқарас, Мұстафа ШоқайАңдатпа
Мақалада «Яш Түркістан» журналының кеңестік насихатқа қарсы балама пікір қалыптастырудағы орны қарастырылады. ХХ ғасырдың 1920-30 жылдары кеңес билігі өз идеологиясын орнықтыру үшін пәрменді үгіт-насихат жүргізді. Осы кезеңде эмиграцияға кеткен түркі зиялылары ұлттық сананы сақтау әрі тәуелсіздік идеясын өшірмеу үшін кеңес билігінің тоталитарлы ақпараттық ықпалына балама көзқарас ұсынды. Зерттеу «Яш Түркістанның» кеңестік үгіт-насихатқа қарсы қандай ақпараттық стратегиялар қолданғанын анықтай отырып, оның публицистикалық әдістерін талдауды, сол арқылы «Яш Түркістан» журналының тарихи балама көзқарас қалыптастырудағы маңызын бағалауды мақсат етеді.Журналдың 1929-1930 жылғы алғашқы 13 нөмірі негізінде басылымның кеңес билігіне қарсы жүргізген ақпараттық күресі зерттелді. Мақалада талдау әдісі:атап айтқанда, тарихи-салыстырмалы талдау, дискурсивті талдау және контент-талдау әдістері қолданылды. Кеңестік насихаттың Түркістан халықтарына қатысты идеологиялық ұстанымдары зерделеніп, «Яш Түркістан» журналының оған қарсы ұстанған стратегиялары жүйеленді.Басылым кеңес үкіметінің отаршылдық саясатын «қызыл империализм» деп атап, оның Түркістан халқына жүргізген саясатын әшкерелеуге тырысты. «Яш Түркістан» тек эмиграциялық басылым ғана емес, кеңестік насихатқа қарсы балама дискурс қалыптастырған интеллектуалды платформа ретінде ерекшеленеді. Зерттеу нәтижелері ұлттық бірегейлікті сақтау жолындағы ақпараттық күрестің маңызын айқындайды. Бұл зерттеу эмиграциялық журналистиканың кеңес билігімен ақпараттық күресін тереңірек түсінуге көмектеседі. Сондай-ақ ХХ ғасырдағы түркі халықтарының саяси санасының қалыптасу үдерісін жаңаша пайымдауға жол ашады.
