Қазіргі виртуалды риторилер: дәстүр мен жаңашылдық синтезі
Қаралымдар: 122 / PDF жүктеулері: 56
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2025-151-2-145-161Кілт сөздер:
стилистика, цифрлық технологиялар, риторика, блогосфера, медиа коммуникация, ҚазақстанАңдатпа
Мақалада заманауи «цифрлық» спикерлердің: блогерлердің, подкастерлердің лингвистикалық және стилистикалық әдістері және олардың дәстүрлі риториканың әзірлемелерінен айырмашылығы қарастырылады. Зерттеудің эмпирикалық негізін YouTube.com платформасынан үштілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі 50-ден астам бейнематериалдар құрады, бұл блогосфераның стилистикалық және лингвистикалық әдістеріне салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік берді. Келесі әдістер қолданылады: бақылау, салыстыру, мазмұнды
талдау, эксперимент. Нәтижесінде виртуалды орта жағдайында туған риторика өзінің қысқа стилімен, «либералды» лексиканы қолдануымен, жеңілдетілген синтаксисімен ерекшеленетіні анықталды. Стилистикалық құралдарды қолдану жиілігінің жазылушылар санына прогрессивті тәуелділігі бар екендігі дәлелденді. Қазіргі заманғы риториктердің «интернет стилін» қолданатыны анықталды, ол ежелгі уақытта төмен немесе қарапайым стиль ретінде жіктелетін еді. Цифрлық ақпарат құралдарында сөйлеудің стилистикалық тәсілдерін дамыту заңдылықтарының негізгі алгоритмдері анықталды: қысқалыққа ұмтылу, метафоралық идеялар, этникалық артықшылығы жоқ лингвистикалық коммуникация әдістерін тарту.
