Заманауи коммуникация динамизмі: Париж олимпиадасындағы медиа этика мәселелері


Қаралымдар: 107 / PDF жүктеулері: 115

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2025-151-2-62-83

Кілт сөздер:

медиаэтика, кликбэйт, жендер, жедел репортаж, айтақ, өшпенділік тілі, манипуляция, диффамация

Аңдатпа

Зерттеу мақаласында масс медианың қызметіне қатысты шетін жайттар талданып, этикаға кереғар оқиғалар мен құбылыстар зерделенді. Қоғамдық құрылымның, адами қарым-қатынастың зиянға шыққан зардапты тұстары қарастырылды, медиаэтика мен журналист этикасы бағытында зерттеу жүргізген бірқатар ғалымдардың еңбегі таразыланды. Зерттеу мақаласында бәдізделген негізгі тұжырымдар медиаэтиканың ғылыми мазмұнын байытуға, тың мысалдар мен соны жағдаяттарды жүлгелеуге, өмір шындығы мен журналистік байқампаздықты қатар тоқайластырып, толықтыруға серпін береді, салалық зерттеудің дамуына негіз болады. Зерттеудің ғылыми тұжырымы – XXXIII жазғы Париж Олимпиадасы кезінде тараған ақпараттық контенттердің журналистік һәм медиаэтикалық өлшемін сызу, жаңалық жасау әдіскерлерінің кәсіби қызметі, журналистік ұстанымының халықаралық шартнамалар, мемлекеттік кодекстер және этикалық ережелер жиынтығының мазмұнына сәйкестігін бағалау, спорт ақпараттарын жеткізуде қажыр-қайрат көрсеткен мамандардың амал-әрекетін ғылыми-сындарлық тұрғысынан сараптау. Зерттеу жұмысында деректерді саралау арқылы спорт сайыстарында хабар тарату ісінің жай-жапсары талданды, практикалық журналистиканың кейбір соқталы мәселелеріне теориялық анықтама әзірленді, медиаэтканың негізгі нысанадары жіктеліп, «БАҚ және демократия»,  «БАҚ және либерализм»,  «БАҚ және мораль» дәргейінде қорытыланды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-20

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қастай, Д., & Алчинова, Н. (2025). Заманауи коммуникация динамизмі: Париж олимпиадасындағы медиа этика мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 151(2), 62–83. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2025-151-2-62-83

Журналдың саны

Бөлім

Статьи