Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінің «Адырна» парақшасындағы көрінісі
Қаралымдар: 112 / PDF жүктеулері: 73
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2025-151-2-49-61Кілт сөздер:
тұрмыстық зорлық-зомбылық, феминизм, Адырна, сыни дискурс, медиаАңдатпа
Мақаланың мақсаты – Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінің БАҚ-та қалай көрсетілетінін зерттеу. Атап айтқанда, 2020-2024 жылдар аралығында «Адырна» ұлттық медиа порталында жарияланған тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы мақалалардың тақырыптарын феминистік тұрғыдан талдауға бағытталған. Тұрмыстық зорлық-зомбылық – бұл әйелдерге физикалық, психологиялық немесе экономикалық зиян келтіру. Бұқаралық ақпарат құралдарының бұл мәселені қалай көрсететіні шешуші рөл атқарады. Себебі бұқаралық ақпарат құралдары қоғамның қабылдауына, заң шығарушылардың көзқарасына және әлеуметтік нормаларға тікелей әсер етуі мүмкін. Бұл мақала медиа-анализдің феминизм мүддесінде қалай пайдаланылатынын және гендерлік медиа контентін талдауда дискурс-анализінің тиімділігін көрсететінімен маңызды деп саналады. Ал зерттеудің практикалық маңыздылығы БАҚ қызметкерлеріне, журналистерге және әйелдер құқығын қорғаушыларға гендерлік тақырыпта мақалалар дайындау туралы идеялар береді. Мақаланың әдістемесі ретінде сыни дискурстық талдау таңдалды. Бұл әдіс мақала тақырыптарының негізінде жатқан идеологиялық көзқарастарды, билік қатынастарын және әлеуметтік нормаларды талдайды. Мақаланың теориялық негізін феминизм құрады. Мақалада келтірілген тұжырымдарға сәйкес, «Адырнадағы» тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы мақалалар саны жыл өткен сайын артып келеді. Мысалы, 2023 және 2024 жылдары мақалалар санының едәуір көбейгені байқалды. Алайда, «Адырна» жаңалықтар порталының көптеген материалдарында жәбірленушіні пассивті түрде көрсететін, қылмыскердің атын жасыратын немесе оның әлеуметтік себептеріне емес, зорлық-зомбылықтың жеке салдарына назар аударатын дискурс бар екені анықталды. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізі себептерін көрсетпейді және патриархалдық нормалардың жалғасуына өз септігін тигізеді.
