Ақпарат кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі


Қаралымдар: 138 / PDF жүктеулері: 111

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2025-151-2-23-32

Кілт сөздер:

ақпараттық технология, кітапхана, электронды коллекция, қолжазбалар, әлеуметтік институт, ақпараттық мәдениет, цифрлық сауаттылық

Аңдатпа

Мақалада кітапхананың заманауи ақпараттық кеңістікті қалыптастырудағы рөлі мен қоғамдағы орны, ақпараттық ресурстардың цифрлық жүйелендірілуі, үлкен деректердің кітапхана тұтынушыларының қабылдауына тигізетін әсері мен ақпарат кеңістігі ұғымын кеңінен талданады, сонымен қатар ақпараттық кеңістік ұғымы, оның құрылымы, қызметі,сондай-ақ қазіргі кітапхананың ақпарат кеңістігінің біртұтас маңызды құрамдас бөлігі ретіндегі ерекшелігі және өзекті мәселелері талданады. Кітапхана тек ақпарат ресурстарын сақтаушы ғана емес, сонымен қатар білім тарату, цифрлық сауаттылықты арттыру және ақпараттық мәдениетті қалыптастырушы орталық ретіндегі функциялары талданады. Кітапхана қызметі аясында ұсынылатын ақпарат түрлерін бірнеше құрамдас бөлікке бөліп қарастыруға болады.Олардың қатарына қолжазбалар, кітаптар, түрлі баспа өнімдері және сан алуан электрондық ақпарат көздері жатады.    Заманауи ақпараттық технологияларды кітапхана қызметіне енгізу тек қызмет көрсету шеңберін ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар қазіргізаманғымәдени және әлеуметтік институт ретіндегі ұстанымын едәуір нығайтатын, қазіргі уақытта кітапхана көпфункционалды мәдени-әлеуметтік мекеме екендігі анықталып және әлемдік ақпараттық кеңістіктің қоғамдағы орны, рөлі, ерекшеліктері мен маңызды тұстары сипатталады. Кітапханадағы жаңа заманауи мүмкіндіктер: ашық қол жетімділік, ашық лицензиялар, электронды коллекциялардың көбеюі, ақпараттық мәдениетпен цифрлық сауаттылық мәселелері де қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-20

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Денгельбаева, Н. (2025). Ақпарат кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 151(2), 23–32. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2025-151-2-23-32

Журналдың саны

Бөлім

Статьи