Қазақ публицистикасын қалыптастырудағы Шоқан Уәлиханов мұрасының орны


Қаралымдар: 22 / PDF жүктеулері: 28

Авторлар

  • A. Сайлауқызы MNU Халықаралық журналистика мектебі
  • Ә. Әзербай MNU Халықаралық журналистика мектебі
  • Ә. Әділжан MNU Халықаралық журналистика мектебі

Кілт сөздер:

Шоқан Уәлиханов, девелопмент, публицистика, тревел-журналистика, экспедиция, журналистика тарихы

Аңдатпа

Бұл мақала Шоқан Уәлихановтың публицистикалық мұрасын заманауи призмадан талдауға арналған. Зерттеу барысында оның отандық журналистиканың қалыптасу, яғни девелопмент кезеңінде қалдырған ізі, қазақ демократиялық публицистикасына қосқан үлесі және тревел-журналистиканың айқын сипатына ие медиа-мұраларының маңызы мен формалары қарастырылады. Оның публицистік қырының қалыптасуына әсер еткен факторлар сараланып, медиа-туындылары қазіргі журналистика талаптарымен салыстырылып, БАҚ-тың негізгі қағидаларымен үйлесетін тұстары сарапталады. Ғылыми зерделеу арқылы Ш. Уәлихановтың өз заманында-ақ ақпаратты талдау, деректерді сараптау және объективті көзқарас қалыптастыру сияқты қазіргі журналистикаға тән қағидаларды ұстанғаны анықталған. Тарихи-салыстырмалы әдіс, мәтіндік талдау және дереккөздерді сараптау тәсілдерін қолдану арқылы Ш. Уәлихановтың саяхат жазбаларын талдап, онда заманауи тревел-журналистика элементтері бар екені дәлелденеді. Сондай-ақ оның публицистикасы қазақ халқының ағартушылық және демократиялық ой-пікірлерінің дамуына ықпал етіп, түрлі форматтардың айналысқа енуіне себепкер болып, иллюстрация арқылы визуализация талабын ескерген журналистиканың алғашқы отандық үлгісі ретіндегі ұлттық баспасөз тарихындағы рөлі және ол тұжырымдардың болашақ журналистерді дайындаудағы маңызы айтылады. Осы деректі пайымдаулар арқылы кәсіби қазақ журналистикасының даму тарихын кеңейтуге ғылыми негіз күшейе түспек.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сайлауқызы A., Әзербай, Ә., & Әділжан, Ә. (2025). Қазақ публицистикасын қалыптастырудағы Шоқан Уәлиханов мұрасының орны. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 150(1), 117–129. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/663

Журналдың саны

Бөлім

Статьи