Әлемдік ақпарат құралдарындағы Орталық Азия елдері саяси көш-басшыларының медиаобразы


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Ә. Абылханова
  • Г.Ш. Әшірбекова Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

көшбасшы, саясат, әлеуметтік желілер, Интернет, PR, имидж, медиа образ

Аңдатпа

мәселесі қазіргідей геосаяси жағдайлардың ушығып тұрған кезеңінде өте маңызды. Мақалада мемлекеттің медиобразының негізгі аспектісі ретінде саяси көшбасшының ақпарат кеңістігіндегі бейнесіне қатысты ақпараттар талданды. Кез келген мемлекеттің Президенті сол елдің медиаобразын қалыптастыратын бірінші тұлға екенін ескерсек, халықаралық байланыс жағдайында, сондай-ақ түрлі саяси шешімдер қабылдауда оның әрбір пікірі мен көзқарасы көпшіліктің бақылауында болады. Осы орайда Орталық Азия елдерінің саяси көшбасшыларының медиаобразы салыстырмалы түрде қарастырылады. Орталық Азия елдері арасында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан мемлекеттері тарихи сабақтастық тұрғысынан таңдалып, олардың өзара ұқсас саяси бағдарлары мен көшбасшының әлемдік саяси тұлғалармен байланысына, танымал ақпарат құралдары жариялаған мақалалар мен пікірлер сарапталды. Саяси көшбасшының медиобразы туралы сөз еткенде оның жеке қасиеттерінің маңызды екенін атап өткен абзал. Бұл тұжырымды шетелдік ғалымдар да құптайды. Олардың айтуынша, соңғы жылдары саяси оқиғадан гөрі көшбасшының тұлғалық қасиеттеріне көбірек көңіл бөлінеді. Сондықтан мемлекеттің бейнесін көрсететін көшбасшының ақпарат кеңістігіндегі образы тікелей оның жеке әрекеттеріне байланысты қалыптасады. Саяси көшбасшының медиобразы жайлы жазылған шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектеріне салыстырмалы талдау арқылы бірқатар тұжырымдар айқындалды. Ақпараттың шынайылығы мен саяси көшбасшының жағымды медиаобразы баспасөз бостандығымен тығыз байланысты. Осы орайда Орталық Азия елдеріндегі сөз бостандығы индексінің көрсеткіші, соның нәтижесінде Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Қазақстандағы түрлі саяси оқиғалар кезіндегі ақпараттың сипаты мен мазмұны талданды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абылханова, Ә., & Әшірбекова, Г. (2024). Әлемдік ақпарат құралдарындағы Орталық Азия елдері саяси көш-басшыларының медиаобразы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 4(149), 119–133. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/605