Дата журналистиканың жұмыс істеу принциптері
Қаралымдар: 50 / PDF жүктеулері: 45
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2024-4-149-7-18Кілт сөздер:
дата журналистика, ашық деректер, деректерді талдау, деректерді визуализациялау, интерактивті графикаАңдатпа
Мақалада Қазақстандағы деректер журналистикасының дамуы және оның қолдану ерекшеліктері талданады. Деректер журналистикасы ақпаратты жинау, талдау және визуализациялау арқылы оны тиімді өңдеуге мүмкіндік береді. Python, Excel, Tableau сияқты заманауи құралдар журналистердің жұмысын жеңілдетіп, ұсынылған деректердің дәлдігін арттырады. Қазақстанда деректердің қолжетімділігі артып келе жатқанымен, деректер журналистикасы ақпарат көздерінің шектеулігі немесе олардың қолайсыз форматта берілуі сияқты қиындықтарға тап болады. Халықаралық тәжірибеде ашық деректер порталдары арқылы ақпаратқа қолжетімділік айтарлықтай жеңілдетілген. Қазақстанда да мұндай дереккөздер саны өсіп келеді, бұл журналистердің ақпаратқа қол жеткіз умүмкіндіктерін кеңейтуде, алайда бұл сала әлі даму сатысында тұр. Деректер журналистикасы ақпаратты тек мәтін түрінде ғана емес, инфографика, диаграмма сияқты визуалды құралдарар қылы да жеткізіп, оны қабылдауды жеңілдетеді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Қазақстанда деректер журналистикасы — ғаламдану мен жаңа технологиялардың ықпалымен дамып келе жатқан жаңа бағыт. Оның ақпараттық дәуірдегі маңызы мен даму перспективалары барған сайын айқын байқалуда.