Дағдарыс кезіндегі коммуникация және қоғамдық сенім: Қазақстандағы әлеуметтік желі қолдану тәжірибесі
Қаралымдар: 22 / PDF жүктеулері: 29
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2024-3-148-85-99Кілт сөздер:
дағдарыс, әлеуметтік мінез-құлық, сенім, әлеуметтік желі, сауалнама, сандық талдауАңдатпа
Зерттеуде дағдарыс кезінде Қазақстан қоғамының мінез-құлқына жүргізілген сандық талдау нәтижелері ұсынылған. Зерттеу барысында қоғамда кез келген ұйымның дағдарысқа қарсы әрекетіне қатысты пікіріне әсер ететін басты факторларды, сондай-ақ дағдарыс кезінде халықтың ұйымдарға деген сеніміне не әсер ететінін анықтау мақсатында 202 қатысушы арасында сауалнама жүргізілді.
Сауалнама нәтижесі қоғамда әлеуметтік желіні қолдану деңгейі адамдардың ұйымның дағдарысқа қарсы әрекетін бағалауға және дағдарыс кезінде ұйымдарға деген қоғамдық сенімге әсер ететін факторларды анықтау үшін талданды. Зерттеу нәтижелері қоғамның сенімін нығайтып, дағдарысқа қарсы іс-шараларды сәтті орындауға ұмтылатын ұйымдар үшін айтарлықтай маңызға ие. Зерттеудің жаңашылдығы оның кез келген дағдарыс кезінде Қазақстан халқы қалай әрекет ететіні жайлы жаңа деректерді ұсынуымен ерекшеленеді. Зерттеу нәтижелері ұйымдарға дағдарыс кезінде жұртшылықпен тиімді жұмыс жүргізуге және сенімді нығайту үшін коммуникация саласындағы стратегияларын жетілдіруде пайдалы болуы мүмкін. Сонымен қатар, зерттеу дағдарыс кезінде қоғамның әлеуметтік желіні қалай қолданатыны туралы құнды деректер береді, бұл компанияларға аудиториямен тиімді байланыс орнатуға арналған жоспарларын жаңартуға мүмкіндік береді.