Медиадағы саяси карикатураның рөлі мен қызметі


Қаралымдар: 87 / PDF жүктеулері: 126

Авторлар

  • А. Казыкенова С. Демирел университеті, Алматы, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-139-2-52-61

Кілт сөздер:

карикатура, саяси карикатура, бейнелеу, сатира, әзіл, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық пікір

Аңдатпа

Мақала қазіргі даму жағдайында қоғамдық санаға әсер ету құралы ретіндегі саяси карикатураның рөлін зерттеуге арналған. Саяси карикатура ұғымы, сондай-ақ оның сатиралық, әлеуметтік, шығармашылық, эмоционалды, иллюстрациялық және мәдени жады ретіндегі негізгі функциялары қарастырылған. Автордың мағыналы оқиғалар мен фактілерге жеке көзқарасын білдіретін карикатураның субъективті және объективті модальділікке ие болуы белгіленген. Карикатураның негізгі құрамдас бөлігіретінде графикалық кескіннің ерекшеліктері қарастырылған, онда автор өз мақсатына жету үшін карикатураны басқа сурет түрлерінен ерекшелейтін бірқатар көркемдікәдістерді қолданатыны анықталды. Карикатуристердің негізгі көркемдік әдісі ретінде көбінесе фигураның, бет-әлпеттің, костюмнің, бейненің мінез-құлқының ерекшеліктерін асыра көрсететіні, сонымен қатар күтпеген, ерекше салыстырулар мен ассимиляцияларға жүгінетіні айқындалды. Сондықтан мақалада карикатура - суретшінің шығармашылық қиялының өрісі ретінде қарастырылған. Саяси карикатураның мәні қазіргі саяси оқиғаларды сынға алудан көрініс табады, онда карикатурист белгілі бір қоғамдық-саяси құбылысты күлкілі түрде әдейі білдіруге мақсат қояды, осылайша белгілі бір қоғамдық пікірді қалыптастыруға әсер етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Казыкенова, А. . (2022). Медиадағы саяси карикатураның рөлі мен қызметі. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 139(2), 52–61. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-139-2-52-61

Журналдың саны

Бөлім

Статьи