Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы
Шыңғыс Айтматовтың мәңгүрттік феноменінің қазақ медиакеңістігіндегі орны
Қаралымдар: 19 / PDF жүктеулері: 76
Кілт сөздер:
қазақ-қырғыз, қазақ журналистикасы, медиакеңістік, феномен, ұлттық дүниетаным, Шыңғыс АйтматовАңдатпа
Ғылыми мақалада жазушы Шыңғыс Айтматов шығар- машылығының заманауи қазақ ұлттық дүниетанымындағы көрінісі мен
«мәңгүрт» феноменінің медикеңістіктегі рөлі зерделенген. Оның тарихи түсініктердің нәтижесінде коммуникациялық ықпал арқылы қоғамдық пікір мен қоғамдық сананың түзілуіне ықпалы мен әсері сараланады. Ортақ тарих, ұқсас ұлттық бірегейлігі бар етене туыс қазақ-қырғыздың ХХ ғасырдың басындағы сындарлы сәті мен колонизация шырмауында қалған тағдыр белесіне шолу жасалады. Бодандық табын сезінген ұлттық сананың сілкінісі мен бұлқынысына, заман талабы туындатқан азаттық идеясының қайнарларына тоқталады. Шыңғыс Айтматовтың қазақ дүни- етанымына бойлай енуіне түрткі болған алғышарттар сөз болады. «Адам- заттың Айтматовы» атанған қаламгердің адам мен табиғат, мәңгүрт ұғымдарының қазақ дүниетанымын дөп басатын мысалдары, сондай-ақ бүгінгі таңға дейін өзекті, әрі сезімтал болып отырған астарлы медиаәсері талданады. Оның этнологиялық, әлеуметтік-мәдени, психологиялық, та- рихи себептеріне сілтеме жасалады.