Айжарық Сәдібекұлы публицистикасындағы экология тақырыбының өзектілігі


Қаралымдар: 105 / PDF жүктеулері: 160

Авторлар

  • З.Н. Ермаганбетова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-139-2-28-34

Кілт сөздер:

публицист-жазушы, экология тақырыбы, ғылыми зерттеу, дерек пен дәйек, өзекті мәселе

Аңдатпа

Мақалада публицист-жазушы Айжарық Сәдібекұлы шығармашылығының ұлттық публицистикадағы қолтаңбасы сөз болады. Сыр өңірі журналистикасында еңбек еткен публицистің шығармаларына тақырыптық, мазмұндық жағынан нақты мысалдар арқылы талдау жасалады.
Бүгінгі таңда бүкіл адамзатты экологиялық ахуалдың алаңдатып отырғаны баршамызға мәлім. Арал тағдыры, Байқоңыр зардабы күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда автор қаламгердің экология тақырыбында жазған мақалаларына ерекше назар аударған. Ресей мен Қазақстан мемлекеттері арасындағы Байқоңырға байланысты қарым-қатынастың күнгей және көлеңкелі тұстары мен туған жер тағдырына алаңдаған публицистің пайымына мән берілген. Ғылыми-зерттеулерді негізге алған,
дерек пен дәйекке құрылған жарияланымдардың маңызына тоқталған. А.Сәдібекұлының қаламгерлік қабілеті болашақ журналистерге шеберлік үлгісі ретінде
көрсетілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ермаганбетова, З. (2022). Айжарық Сәдібекұлы публицистикасындағы экология тақырыбының өзектілігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 139(2), 28–34. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-139-2-28-34

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)