Жаһандық ақпараттық кеңістікте Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру мәселелері
Қаралымдар: 113 / PDF жүктеулері: 251
Кілт сөздер:
имидж, бренд, мемлекеттік имидж, халықаралық имидж, маркетингАңдатпа
Мақалада мемлекеттік имиджді қалыптастыру мәселелері және халықаралық аренадағы көрінісі мен қызметі қарастырылады. Жаһандық ақпараттық қоғамда ақпаратты алу, алмасу, ақпараттық қызмет көрсету үдерістері жаңа деңгейге шығып отыр. Бұл өз кезегінде мемлекеттің халықаралық имиджін қалыптастырудағы бағытын анықтап, одан әрі заманға сай дамыту жолдарын зерттеу жұмыстың өзектілігін айқындайды. Оны мемлекеттің медиаобразын зерделеуде «имидж», «бренд» ұғымдарының мазмұнын, олардың қызметін жаңа қырынан таныту мен байланыста қарастырады. Мемлекеттің позитивті имиджі ең алдымен, сыртқы саясатқа, шетелдік инвестициялардың құйылуына, әлеуметтік тұрақтылыққа, ішкі саяси процестерге, ұлттық брендингке байланысты қалыптасады.Қазақстанның ұлттық брендін ішкі туризм арқылы насихаттау тиімді әдіс ретінде анықталады. Контент-анализ жасау барысында БАҚ-тағы Қазақстан туризм саласы бойынша жазылған материалдар және сарапшылардың сұхбаттары талданды.