«Жас Түркістан» журналындағы Мұстафа Шоқайдың саяси публицистикасы
Қаралымдар: 65 / PDF жүктеулері: 85
Кілт сөздер:
саяси публицистика, эмиграция, журналистика, журнал, жанр, мақала, ұлттық мүдде, идея, демократия, басылым, Алаш идеясы, дипломатияАңдатпа
Мұстафа Шоқайдың ұлт тәуелсіздігі жолындағы қайраткерлік күресі мен баспасөз ісіне қосқан үлесі осы уақытқа дейін бірқатар зерттелді. 2023 жылы шоқайтанушы ғалым Әбдіуақап Қара француз тіліндегі 140-тан астам мақалаларын қазақ тіліне аударып, кітап етіп шығарды. М.Шоқай эмигранттық журналистиканың ғана емес, саяси публицистикада өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан тұлға. Сондықтан оның публицистикалық мақалаларындағы ұлт мүддесі турасындағы көзқарасы мен қоғамдық пікір қалыптастырудағы ықпалын, мәселені талдау әдістерін зерттеу маңызды. Сараптамалық мақалаларының мазмұны мен құрылымы, жанрлық ерекшеліктерін қарастыру арқылы оның публицистік шығармашылық шеберлігін айқындаймыз. Саяси жүйенің өзгермелі табиғатын тану, түрлі қоғамдық өзгерістердің сипатын айқындаудағы талдау, тұжырым жасау, ұсыныс білдіру, қоғамдық пікір қалыптастырудағы көшбасшылық идеяларын бүгінгі ақпарат құралдарының тәжірибесіне енгізу, сондай-ақ журналистердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға пайдалануға болады. Мақалада М.Шоқайдың «Жас Түркістан» журналындағы бірнеше публицистикалық мақалалары ұлт мүддесі тұрғысынан талданады. Мұстафа идеясы тереңнен тамыр тартқаны да осы мақалада зерделенген. Оның дәлелі ұлттардың ұйысып, бейбітшілікке жұмылу, білім алуын көксеуі тілге тиек етіледі. Сондай-ақ, мақалада Мұстафаның күллі түркі тектес ағайындардың басын қосып, халықтардың ортақ мәмлеге келіп, оқып білім алудағы келелі ойлары сараланады.