Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының публицистикалық құндылығы
Қаралымдар: 75 / PDF жүктеулері: 89
Кілт сөздер:
көсемсөз, ақын шәкірттері, мұра, қазақ поэзиясы, ұлттық публицистика.Аңдатпа
Бүгiнгi ұлттық құндылықтарды жаңғырту кезеңiнде Абай шәкірттерінің көсемсөз мұраларына жаңаша көзқараспен қарауы – өзекті мәселелердің бірі. Абай Құнанбайұлының алдын көріп, тікелей тәлім-тәрбиесін алған шәкiрттерi өздері ғұмыр кешкен кезеңдегі тарихи, саяси, қоғамдық-әлеуметтiк жағдаяттарға көсемсөздерi арқылы баға берiп, танымдық рөл атқарды. Мақалада Абай мұрасының шәкiрттерiне айрықша әсер-ықпал еткенi, соның нәтижесiнде олардың шығармашылығының қалыптасуы, көсемсөздерi талданып, қоғам үшiн құндылығы қаpастыpылады. Қазақ публицистикасының зерттелу мәселесіне ден қойылып, қазақ баспасөзіндегі Абай мұрасынан бастау алған шәкірттерінің әдеби және публицистік туындылары талданады. Абай шәкірттерінің шығармаларындағы халықтық мәселелер тәуелсiздiк тұрғысынан сараланып, талдаулар мен тұжырымдар берiледi. Публицистикалық мұралардағы аса өткiр мәселелер (оқу-бiлiм, ағарту, отырықшылық, дiн, тiл, т.б.) алынып, тәуелсiз көзқарас тұрғысынан қайта қарастырылады. Хакімнің төңірегіндегі ақындардың көсемсөз шығармаларын талдай отырып, оқу-ағарту публицистикасы;діни-ағарту публицистикасы; жер туралы публицистика, көркем публицистика; философиялық публицистика; заман келбетін айқындаған публицистика, т.б. деп жүйелеу ұсынылады. Абай Құнанбайұлы мұрасын дәстүр ретінде қабылдап, сабақтастық пен жалғастық тұрғысынан және ақын идеясын жаңа уақыт аясында жаңашылдықпен қарастыруға тырысқан Шаһкерім Құдайбердіұлының туындылары талданады.