Дронның журналистикада қолданылуы: мүмкіндіктер мен шектеулер


Қаралымдар: 15 / PDF жүктеулері: 10

Авторлар

  • Ш.Ж. Қанашева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • С.М. Дүйсенғазы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

дрон, дрон журналистикасы, азаматтық журналистика, жаңа медиа, жаңа коммуникациялық технологиялар, ұшқышсыз ұшу аппараты

Аңдатпа

Технологияның қарыштап дамуынан журналистика саласы да шет қалған жоқ. Коммуникациялық технологиялардың дамуымен журналистика туралы түсінік те өзгерді. Дәстүрлі журналистика трансформацияланды. Бұрын жаңалықты медиа өндіруші, ал бұқара тұтынушы болса, жаңалықтарды жинау үдерісіне дрондардың енуімен азаматтық журналистика деп аталатын балама ақпарат көзі пайда болды. Журналистердің «әуедегі көзі» болып саналатын дрондар азаматтық журналистика өкілдерінен бастау алып, медиа холдингтеріне дейін журналистика тәжірибесіне жаңа мүмкіндіктер ұсынуда. Дрондар өрт, жер сілкінісі, су тасқыны сияқты апаттарда залалдың таралу аумағын, соғыс алаңдарында, спорттық жарыстар мен концерттерде іс-шараның ауқымын көрсете алуы жағынан физикалық тұрғыда үлкен артықшылыққа ие. Сондай-ақ журналистің жаңалыққа жылдам қол жеткізу және ыждағатты түрде жариялауына жағдай жасайды. Дегенмен, дрон технологиясының журналистикадағы хабар таспалаудың мүмкіндігін кеңейтуімен қатар ұлттық қауіпсіздік, халықтың саулығы мен қауіпсіздігі, жеке өмір мен қоғамдық қауіпсіздік секілді салаларда туғызатын қатерлерін, сондай-ақ заңдық және этикалық мәселелерді ескерусіз қалдыруға болмайды. Аталмыш мақсаттағы тыйым мен шектеулер екінші жағынан сөз бостандығының қысымына келіп тірелуі мүмкін. Бұл мақалада дрон қолданудың журналистикаға әкелген жаңа тынысы мен үлесі, сондай-ақ, мүмкіндіктерімен қатар шектеулері талданады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қанашева, Ш. ., & Дүйсенғазы, С. (2024). Дронның журналистикада қолданылуы: мүмкіндіктер мен шектеулер. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 146(1), 47–56. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/443

Журналдың саны

Бөлім

Статьи