Әлеуметтік желілердегі қазақтілді контенттің өзекті мәселелері


Қаралымдар: 103 / PDF жүктеулері: 166

Авторлар

  • Н.Т. Шыңғысова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Н.М. Касымбекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

қазақша контент, контент-мейкер, медиа, креатив, медиаплатформалар, монетизация, медиа стартап

Аңдатпа

Әлеуметтік желілер коммуникация мен нетворкинтгтің зор  мүмкіндіктеріне ие. Бүгінде кез келген қолданушы өзіне ыңғайлы форматта контент жасап, парақшасын әртүрлі фото, бейнежазбалармен, авторлық контентпен толтыра алады. Үлкен аудиторияға контент жасау мүмкіндігі мыңдаған, миллиондаған аудиториясы бар авторларға контенттің мазмұны мен сапасына байланысты зор жауапкершілік жүктейді. Бүгінде қазақ тіліндегі контент саны күн санап артуда. Алайда ол өз аудиториясын тауып жатыр ма? Бүгінде қазақ тілінде контент жасаушылардың алдында креативті арттыру, контент тарату арналарын көбейту, тиімділік, табысқа жету мәселелері тұр. Мақалада жоғарыдағы міндеттерді шешу жолдары көрсетіледі. Авторлар қазіргі таңда БАҚ саласындағы мамандар мен контент жасаушылардың коммерциялық ұсыныстарды туғызып, сату қабілетін дамытудың маңызды екендігін айтады. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты – контент жасау барысындағы күрделі мәселелерді анықтап, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, шешілу жолдарын ұсыну. Қазақ тілінде хабар тарату, ақпарат жасау, мәдени мұраны сақтап, насихаттау. Қазақша контенттің табыс тауып, жарнама берушілерді тарту мәселелерін зерделеу тақырыптың өзектілігін айқындайды. Аталған мақсаттарға жету үшін мақалада сауалнама, салыстыру әдістері қолданылды.Мақалада контент өндіруші мен тұтынушыларға жүргізілген сауалнама нәтижесіне сараптама жасалып, шетелдік контент өндірудегі кейстер қарастырылды. Сондай-ақ, контенттің сапасын арттыру туралы ғалымдардың пікірлері ұсынылды. Зерттеу нәтижелері журналистер мен контент жасаушылар үшін пайдалы болмақ.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шыңғысова, Н. ., & Касымбекова, Н. (2024). Әлеуметтік желілердегі қазақтілді контенттің өзекті мәселелері . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 146(1), 36–46. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/442

Журналдың саны

Бөлім

Статьи