Ақпараттық технологияларды зерттеудің методологиялық мәселелері


Қаралымдар: 49 / PDF жүктеулері: 48

Авторлар

  • Ә.Ж. Сәуірбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2018-122-1-69-73

Кілт сөздер:

Ақпараттық жүйе, ақпараттық техника, жаңа медиа, конвергенттік журналистика, медиажүйе

Аңдатпа

Ғылыми мақалада бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттық жүйені іске асыратын апараттық технология кешені және оны зерттеу методологиясы сипатталады. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттық технологияны зерттеудің бұрынғы әдістерінің қалыптасуы мен
дамуы жүйеленді. Ақпараттық жүйенің құрылымын зерттеу методологиясы ақпараттық технологиямен байланыста қарастырылды. Мобилділік, интерактивтілік, өзара байланыс сияқты медиажүйеге ортақ белгілердің әрқайсысының жеке сипатына қарай зерттеудің әдістері де әртүрлі болуы
мүмкін деген тұжырым туады.
Ақпараттық технологияны зерттеуде коммуникациялық, саяси, әлеуметтік, психологиялық әдістеріне баса көңіл бөлінді. Олардың зерттеу әдістері қазақ зиялыларының еңбектерінде де кездестіруге
болады. Жаңа медиа толқынында ақпарат алу, жинау, өңдеу, тарату және де ақпаратты сақтаудың, журналистік қызметті жедел әрі түрлі жанр технологиясымен конвергенттік журналистикада іске асыратын
заманауи техника мен технологияны меңгеруде ғылыми әдістемелердің қажеттілігі туып отыр.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сәуірбаева, Ә. . (2018). Ақпараттық технологияларды зерттеудің методологиялық мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 122(1), 69–73. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2018-122-1-69-73

Журналдың саны

Бөлім

Статьи