Кеңестік дәуірдің соңғы кезеңінде Қазақстан баспасөзінде ұлттық идентификация мәселелерінің көрініс табуы
Қаралымдар: 51 / PDF жүктеулері: 40
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2018-122-1-15-27Кілт сөздер:
қайта құру, ұлттық мәселе, желтоқсан оқиғасы, ұлттық сана, идеологиялық жапсырма, орталық газеттер, қазақ баспасөзі, демократияландыру, жариялылықАңдатпа
1980-жылдардың ортасында түрлі объективті және субъективті факторлардың
себептерінен КСРО-да шешімін таппаған күрделі проблемалар экономикалық даму қарқынын барынша бәсеңдетіп, келеңсіздікке душар етті. Жүйенің әлеуметтік тоқырауы елдің дағдарыс қарсаңында тұрғанын айқын танытты. Орталықтың ұлттардың өзіндік ерекшеліктеріне мән бермеуі, ұлттар дамуының шешімін
таппаған көптеген проблемалары ұлттар санасын сілкіндіріп, өз халқы үшін реніш сезімін туғызды.
Бұл қайшылықтардың шиеленісе түсуіне әкеліп, қауіпті сипатқа ие болды.
Елде ұлтаралық қатынастардың ушыға бастағанына қарамастан, бұл слада ұзақ жылдар
бойы ақиқат проблемаларды бүркемелеу, шынайы шындықты көпірме сөздермен әсірелеу белең
алды. Ойдан шығарылған схемалардың өмір ағымына сай емес екендігі айқындала бастады. Қайта
құру жылдарында бел алған қысымның әсерінен бұл жарылысқа ұшырады.