Инновациялық технологияны игеру қажеттілігі және отандық журналистика мүмкіншіліктері
Қаралымдар: 65 / PDF жүктеулері: 68
Кілт сөздер:
Инновация, Конвергенция, Технология, онлайн, Медиахолдинг, Интернет-медиа, The New York TimesАңдатпа
Мақалада Инновациялық технологияны игеру қажеттілігі мен Отандық журналистика
мүмкіншіліктері туралы ғылыми сараптама жасалынған. Қазақстандағы алғашқы медиахолдингтер туралы мағұлмат және әлемдік ақпараттық технология мүмкіншіліктерді игерудегі Қазақстан БАҚ-ының
алғашқы нәтижелері нақты мысалдар арқылы көрініс тапқан. Конвергенттік журналистика және оның
уақыт ағымындағы тиімділігі туралы мақалада жан-жақты сараланып жазылған.
Мақалада жаңа ақпараттық технологиялардың әсерінен бұқаралық коммуникация саласына
өзгерістер енгізгенін, заманауи масс-медианың трансформациясына түбегейлі әсер етуін талқылайды.
Ақпараттық қарым-қатынастың тарихына тоқталады.
Журналистиканың коммерциялық сипаты басымдық танытып отырған кезеңде нарық механизмдері арқылы жүзеге асырылатын БАҚ пен журналистің қызметін экономикалық тұрғыдан үйлестіру
маңызды міндет қарастырады