Бұл 2022-09-30 жариялаған ескірген нұсқа. соңғы нұсқасын оқыңыз.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы

БАҚ мәтіндерін дайындаудағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері


Қаралымдар: 181 / PDF жүктеулері: 107

Авторлар

  • А.А. Ниязғұлова Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы, Қазақстан
  • С.В. Ашенова Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-140-3-103-110

Кілт сөздер:

Түйін сөздер: ақпараттық тәуекелдер, коммуникативтік аспект, цифрландыру, ақпараттық саясат, ақпарат

Аңдатпа

Аңдатпа. Қазіргі коммуникациялық ортаның медиарискалары аясында жас ұрпақ үшін маңызды
ақпараттық сауаттылық мәселесі қарастырылады. Демократиялық қоғамның өмір сүру жағдайында БАҚ
елдің медиа кеңістігінде ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру кезінде туындауы мүмкін
тәуекелдерге назар аударуы керек. БАҚ өздерінің кәсіби құралдарының көмегімен билік пен қоғам арасындағы негізгі субъективті емес делдал бола отырып, осы Тұжырымдаманы жүзеге асыруы керек.
Зерттеу контекстіндегі ақпараттық қауіпсіздік әлі де салыстырмалы ұғым болып қала береді. Үкіметтер мен мемлекеттер ақпараттық қауіпсіздіктің қауіптілік, сын-тегеуріндер мен қатерлер дәрежесін айқындауға, халықаралық аренада күштер теңгерімін құруға, мемлекеттер-ұлттардың бірегейлігін сақтауға,
олардың құндылықтарын қорғауға қатысатын маңызды субъектілер болып табылады, яғни ақпараттық
қауіпсіздік құрауыштарының көпшілігінің субъектілері, оның ішінде өздерінің бірегей медиа-жүйесін
дамыту болып табылады. Ақпараттық саясат басқа салалардағы, әсіресе Қазақстан әлемдік ақпараттық
кеңістікке белсенді түрде қадам басқан жағдайдағы табысты жаңғыртудың барысы мен нәтижесін көбіне-көп айқындайтындықтан ерекше маңызға ие болады. Теориялық түсінусіз және тұжырымдамалық
шешімдерді ұсынусыз жиырма бірінші ғасырда сауатты ақпараттық саясат құру мүмкін емес.

Жарияланды

2022-09-30

Нұсқалар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ниязғұлова, А. ., & Ашенова, С. (2022). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы: БАҚ мәтіндерін дайындаудағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 140(3), 103–110. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-140-3-103-110

Журналдың саны

Бөлім

Статьи