Мультимедиалық мәтін трансформациясы
Қаралымдар: 132 / PDF жүктеулері: 69
Кілт сөздер:
мультимедиалық журналистика, жаңа технологиялар, мультимедиалық мәтін, визуализация, статистика, веб медиаАңдатпа
Мақалада қазіргі интеграциялық тенденциялар жүйесіндегі БАҚ-тағы мультимедиалық мәтіннің дамуына сараптама жасалады. Мультимедиалық мәтіннің ерекшеліктері мен
заманауи коммуникативті үрдіске сипаттама беріледі. Ақпаратты тасымалдаушы арналардың өзгерістері мен контенттің функционалды қызметінің трансформациялануы жан-жақты қарастырылады. Ақпаратты таратушы мен қабылдаушы арасындағы байланыстар нақты мысалдар негізінде
талданады. SEO қызметінің медиа мәтінге тигізетін әсері, сондай-ақ коммуникативтік актінің өзегі
екендігі анықталады. Мультимедиалық журналистикадағы медиа мәтіннің алдағы уақытта даму
стратегиялары сарапталды.
