Қазақстандағы гендерлік саясат және журналистика
Қаралымдар: 83 / PDF жүктеулері: 66
Кілт сөздер:
ислам, мұсылман әйелдері, әйел-ана, гендерлік теңдік, феминизм, дискриминацияАңдатпа
Бұл мақалада гендерлік саясаттың адамдардың мәдениетіне, әлеуметтік
рөліне, мүмкіндіктері мен корпоративтік, әлеуметтік және жеке қарым-қатынасына әсері
қарастырылады. Гендер адам өмірінің ажырамас бөлігін қарастырады, наным-сенімге әсер
етеді, сондай-ақ ерлер мен әйелдердің қоғамдағы рөлін айқындайды.
Қазақстан журналистикасы гендерлік саясаттың өзекті мәселелеріне назар аудара
бастады. Бұл жөнінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы мен
Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының «Қазақстандағы гендерлік журналистика
бойынша оқу бағдарламаларын күшейту» атты семинар-тренингінде (Алматы, 2018, 2-3
қараша) жан-жақты талқыланды.