Медиа-нарық тиімділігінің қазіргі көріністері: Қазақстанда реттеудің қиындықтары мен басымдықтары


Қаралымдар: 52 / PDF жүктеулері: 36

Авторлар

  • Е.М. Арын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Р.С. Арын Қазақстан Әлеуметтік ғылымдар академиясы

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2019-127-2-53-63

Кілт сөздер:

медиа-нарық, коммуникациялық байланыстар, интернет-ресурстар, ақпараттық-коммуникциялық технологиялар, әлеуметтік желілер, өңірлік БАҚ, мемлекеттік органдардың ашықтығы

Аңдатпа

Мемлекеттік органдардың қоғамдық институттармен қарым-қатынасы іске асырылатын шешімдер мен бағдарламалардың қабылдануына әсер ететін тұрақты коммуникацияға,
жұртшылық тарапынан мемлекеттің саясатына сенімі мен қоғамдық пікірдің деңгейіне сүйенеді.
Мақалада мемлекеттік құрылым негіздерінің түбегейлі өзгерістері, оны іске асырушы институттар,
Қазақстанның даму деңгейі жоғары топтарға талпынысы, қоғаммен тиімді әрі икемді коммуникациялық байланыс орнату қарастырылады.
Халықтың әлеуметтік және экономикалық белсенділігінің шынайы өсу үдерісі, мемлекеттік
органдар қабылдайтын шешімдерге олардың жан-жақты қатысуы, коммуникацияны қолдануының
амалдары мен түрлеріне едәуір өзгеріс жасайды.
Осы ретте қазіргі Қазақстандағы мемлекеттік коммуникацияның даму тәжірибесінің де
маңызы зор. Қысқа уақыт ішінде тарихи тұрғыдан Қазақстанда билік пен қоғамның коммуникациясын басқарудың өзіндік моделі қалыптасуда. Бұл модель қазіргі таңда ақпараттық-технологиялық
әлеуеті, ұйымдастырушылық-кадрлық тұрғыдан да заңнамалық-нормативті реттелген.
Осы негіздер еліміздің бәсекеге қабілетті және ашық, прагматикалық дамуына айтарлық
әсер етуде. Биліктің жаңа коммуникацияларын белсенді пайдалану қоғамда жайлы әрі конструкциялық идеялар мен шешімдердің өзіндік кеңістігін қалыптастыруда.
Мемлекеттің коммуникациялық байланыстарының замануи моделін қалыптастыру қазіргі
таңдағы ақпараттық кеңістіктің бұқаралық сипатының негізі болып табылатын әлеуметтік желілер
маңызының артуына ықпал етуде. Интернет-ресурстар, электронды үкімет, Twitter», «Instagram»,
«Facebook» сынды алпауыт желілер мен көшбасы порталдар қоғамдық пікірді қалыптасыруы
арқылы биліктің коммуникацяиялық жол картасының бәсекелесіне айналуда.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Арын, Е., & Арын, Р. (2019). Медиа-нарық тиімділігінің қазіргі көріністері: Қазақстанда реттеудің қиындықтары мен басымдықтары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 127(2), 53–63. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2019-127-2-53-63

Журналдың саны

Бөлім

Статьи