Туризм индустриясындағы мәдени қатынастарды трансляциялау тәсілдері


Қаралымдар: 39 / PDF жүктеулері: 55

Авторлар

  • С.Т. Касенов С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
  • Л.И. Абдуллина С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-130-1-49-57

Кілт сөздер:

жарнамалық технологиялар, туризм индустриясы, медиабейнелер, медиакеңістіктер, гуманитарлық әлеует

Аңдатпа

Қазіргі медиакеңістікте жарнамаға жаңа құндылық бағдарларының драйвері
мен оларды қабылдау мәдениетінің рөлі туралы мәлімет беріледі. Жарнамалық мәтіннің коммуникативтік қасиеттерін зерттеуде қажеттілік осы жұмыстың өзектілігін көрсетеді. Туризм саласы
ғылыми эксперимент жасау үшін қолайлы алаң болып табылады. Маркетингтік қорытындылардан
айырмашылығы, мақала авторлары туристік өнімнің гуманитарлық әлеуетін анықтау мақсатын
қойды. Жарнама беруші аймақтың тартымды бейнесін жасай отырып, жаппай туризм мәдениетін
қалыптастыруға тікелей қатысады. Ұсынылатын зерттеу барысында жарнамалық ұранның медиабейнелері туристік құнды ақпаратты ғана емес, сонымен қатар мәдени кодтарды да таратады.
Жарнамалық мәтіннің интегративті табиғаты мен коммуникативтік сипаттамалары отандық
туризм қызметтері саласындағы жарнамалық хабарламалар мысалында суреттеледі. Туристік сайттардың контент-талдауының нәтижелері туристік жарнаманың сөйлеу әсерінің механизмі коммуникацияның табыстылығын қамтамасыз ететін миф атмосферасын қалпына келтіру болып табылатыны туралы тезисті растады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы «Мәдени мұра» және «Киелі география» мемлекеттік бағдарламаларының ережелеріне сәйкес, жергілікті туристік қызмет нарығының материалдарын тарта
отырып, жарнамалық хабарлама жасау болып табылады.
Қорытындыда гуманитарлық жалпы мәдени мазмұнды толыққанды жарнамалық коммуникацияны құруға енгізудің орындылығы туралы тұжырымдалады.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Касенов, С. ., & Абдуллина, Л. . (2020). Туризм индустриясындағы мәдени қатынастарды трансляциялау тәсілдері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 130(1), 49–57. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-130-1-49-57

Журналдың саны

Бөлім

Статьи