«Балапан» телеарнасындағы анимациялық фильмдердің көркемдік құралдары
Қаралымдар: 64 / PDF жүктеулері: 86
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-130-1-40-48Кілт сөздер:
«Балапан» телеарнасы, анимациялық фильмдер, фольклорАңдатпа
Мақалада «Балапан» телеарнасында берілетін анимациялық фильмдердің көркемдік тіліне мән беріледі.
«Балапан» арнасының жаңа маусымдағы экраннан көрсетіліп жүрген анимациялық төл
фильмдеріндегі неологизм сөздерге мән бере отырып, қазақ тілінің сөздік қорына енген жаңа сөздерді анықтайды. Балалар тәрбиесіндегі фольклордың орны, оны балаларға түсінікті бейне мен
тілде жеткізудегі шеберлік, жалпы ұлттық тәрбие берудегі әрбір сөз бен бейнедегі іс-қимылдың
сабақтасуы зерттеу жұмысының мақсаты болып табылады.
Қазақ тіліндегі анимациялық фильмдердің сұранысқа ие болуы үшін келешекте де «Балапан» телеарнасының төл туындыларымен қуантуы қажет екендігі, қазақ тілінің сақталып қалуы
үшін де батырлар жыры мен қазақ ертегілерінің анимациялық фильм желісінде пайдалану қажеттігі
баса назарға алынады