Коронавирус туралы ақпараттың қоғамдық санаға ықпалы


Қаралымдар: 40 / PDF жүктеулері: 52

Авторлар

  • К. Тергембаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • М. Топлу Гази университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-130-1-33-39

Кілт сөздер:

коронавирус, қоғамдық сана, ақпарат, әлемдік қауіп, эпидемия

Аңдатпа

Осы мақалада 2020 жылдың індетіне айналған 2019nCoV коронавирусының қауіптілік деңгейі, оның таралу аймағы, алдағы болуы мүмкін эпидемиялық жағдай қарастырылады. Эпидемиялық жағдай кезіндегі әлемдегі елдердің тәжірибесі, тарихта болған адам өміріне аса
қауіпті фактілерді халықтан жасырудағы қателіктері сараланады. Билік тарапынан шынайы ақпаратты жасыру фактілерінің орын алуының соңы қайғылы жағдайларға апаратынын көрсетіп, сол
бойынша нақты мысалдар келтірілді. Дүниежүзіндегі елдердің сақтық шараларына көшуіне, індет
ошағында карантин жариялауынан шекараларды жабу, саяси-экономикалық, сауда-саттық, әлеуметтік-мәдени байланыстардың күрт тоқтауы салдарынан вирус шыққан ел ғана емес, бүкіл дүниежүзіне таралу ықтималдылығы көрсетіледі. Әр ел мен әр мемлекеттің өз азаматтары үшін алаңдайтыны
және індет ошағында қалған адамдарды тасымалдау мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешу әрекеттері де баяндалады. Қай елдің билігі мен қоғамы болмасын коронавирус сынды эпидемиялық
жағдайға барынша салмақты, әрі алаңдаушылықпен қарайтынын алға тартады

Жүктеулер

Жарияланды

2020-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тергембаева, К. ., & Топлу, М. (2020). Коронавирус туралы ақпараттың қоғамдық санаға ықпалы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 130(1), 33–39. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-130-1-33-39

Журналдың саны

Бөлім

Статьи