Интернетті құқықтық тұрғыдан реттеу мәселелері: шетел тәжірибиесі
Қаралымдар: 66 / PDF жүктеулері: 273
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-132-3-79-85Кілт сөздер:
интернет, құқықтық реттеу, сөз бостандығы, ақпаратты бұғаттау, заң, салыстыру, ақпаратқа қолжетімділік, шетелдік тәжірибеАңдатпа
Бұл мақалада автор қазіргі кезде өзекті болып отырған интернет кеңістігін
құқықтық тұрғыдан реттеу мәселесін көтереді. Бұл сұрақ біздің еліміздің ғана емес,
барлық әлемнің құқық қорғаушылары мен БАҚ өкілдерін толғандырып отыр. Мұның
себептері де салмақты, біріншіден, бұл ұлттық қауіпсіздік, екіншіден, азаматтардың
құқықтары мен еркіндіктерін қорғау мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылады. Әлемнің дамыған елдерінде интернет кеңістікті заңдық тұрғыдан реттеу тәжірибесі кеңінен қолданылып келеді және олар ғаламтордың шексіз мүмкіндігін заңсыз әрекет
етуші күштердің пайдалануына тосқауыл қоюдың түрлі әдіс-тәсілдерін ойластырып
қойған.
Біздің елімізде бұл мәселе соңғы екі-үш жылда ғана қоғам тарапынан кеңінен талқыланып, заңдық тұрғыдан реттеудің қатаң шаралары қолға алынып жатыр. Мақала авторы осы бағыттағы шетелдік реттеу шараларын жан-жақты талдай келіп, сонымен
қатар, олардың озық тәжірибелерін сараптайды. Мәселен, терроризмді насихаттау,
бейәдеп сөзбен балағаттау мәселелерін реттеуге қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды жүйелі сөз етеді. Осылайша нақты деректер негізінде мәселені салыстыра қарастырып, еліміздегі интернет кеңістікті бақылаудың кемшіліктері мен жетілдірер
тұстарын ашып көрсетеді.
Еліміздегі ақпаратты бұғаттау және оны қайта қалпына келтіру тәртібі ақпараттың
немесе ақпараттық ресурстың мазмұнына тікелей қатысты. Заңнама бойынша олар
жүйеленіп, нақты атап көрсетілген.