Шерхан Мұртаза публицистикасында ұлттық мүдде мәселелері
Қаралымдар: 105 / PDF жүктеулері: 293
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-140-3-36-43Кілт сөздер:
публицист, редактор, қаламгер, мақала, очерк, дәйек, журналистік шеберлікАңдатпа
Қазақ журналистикасының қара нары, белгілі жазушы, публицист, журналист Шерхан Мұртазаның шығармашылығын қай қырынан алып қарасаңыз да, шеберлікке бағытталғанын аңғару қиын емес. Әсіресе, публицистикасындағы мәселе көтеруін, тілдік, стильдік ерекшелігін ғылыми тұрғыда әлі де болса терең қаузап, зерттеп
жүрген ғалымдар өте аз.
Ғылыми мақалада Шерханның ұлтқа, тілге, жерге, елге қатысты жазылған публицистикалық туындыларын бүгінгі көзқараста пайымдалып, шынайы бағасы беріледі. Халықтық, рухтық мүддені қозғайтын материалдары талданып, фактіні, шындықты
дәл айтатын журналистік шеберлігі сарапқа салынады. Публицистикалық толғаныстары мен мақалаларының ерекшелік сипаттарына публицистік қызметінің қалыптасу жолы арқылы баға беріледі.
Мақалада сондай-ақ, Шерханның журналистік шеберлік бағытындағы заман үрдісін,
қоғамның көкейкесті мәселелерін айтудағы пайым-парасаты ғылыми тұжырымға негізделе отырып, салмақты түйін жасалады. Саяси, мәдени, әлеуметтік, ғылыми-публицистикалық толғамды мақалалары арқылы терең білімді, саяси сауатты, шебер журналистік қыры айқындалады