Жанұзақ Жәнібековтің медиаменеджерлік қызметі
Қаралымдар: 69 / PDF жүктеулері: 105
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-132-3-32-39Кілт сөздер:
алашорда, Жанұзақ Жәнібеков, редактор, менеджер, қайраткер, баспасөзАңдатпа
Мақалада Алаш қайраткері Жанұзақ Әлжанұлы Жәнібековтің 1926-1929
жылдар аралығында Ақтөбе қаласында шыққан «Кедей» газетіндегі редакторлық қызметі қарастырылады. Басшы ретінде редакция жұмысын тиімді үйлестіру, газет аудиториясының сұранысын айқындау, халықпен кері байланыс орнату, сондай-ақ, басылымның таралымын ұлғайту бағытындағы Жанұзақ Әлжанұлының стратегиялық
жұмыстары пайымдалады. Сонымен бірге, қайраткердің газет редакторы ретінде
өңірлердегі тілшілердің жұмысын ұйымдастыру, елден хабар алғызу, басылымның алдағы санының материалдарының тақырыптық бағытын айқындау секілді ұйымдастырушылық қыры сөз болады.
Алаш қайраткері Жанұзақ Жәнібековтің «Кедей» газетін басқарған кездегі менеджерлік
шеберлігі нақты ғылыми дәйектер мен тарихи сандар арқылы тұжырымдалып, деректеледі.
Мақалада «Кедей» газетінің түпнұсқа тігінділерінен алынған мұрағаттық материалдармен статистикалық мәліметтер ғылыми тұрғыда сараланып, зерделенді