Қазіргі медиастилистикадағы интернет-мәтін


Қаралымдар: 80 / PDF жүктеулері: 192

Авторлар

  • Н.И. Клушина М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-132-3-25-31

Кілт сөздер:

классикалық мәтін, медиатекст, интернет-мәтін, стилистика, интернет-стилистика, медиастилистика

Аңдатпа

Қазіргі лингвистикада (атап айтқанда, медиастилистикада) мәтіннің жаңа түрі – интернет-мәтіннің мәртебесін анықтау қажеттілігі туындады. Бұл зерттеудің мақсаты – интернет-мәтіннің
дефинициясын тұжырымдау және оның дифференциалдық белгілерін анықтау болып табылады. Жұмыстың өзектілігі – бұқаралық коммуникация орталығына массмедианың басқа түрлерінен ерекше
технологиялық және лингвистикалық параметрлері бар интернет-коммуникацияны ұсыну арқылы
анықталады. Зерттеудің жаңалығы – интернет-мәтіннің мәртебесін айқындау, сондай-ақ, қазіргі заманғы медиатексттердің авторлық типологиясын құру, әрі, олардың базалық санаттық белгілерін нақтылау сияқты ғылыми проблеманың өзімен байланысты. Мақалада аяқталған мағыналық бірлік ретінде
түсінілетін классикалық мәтін интернет кеңістігінде елеулі өзгерістерге ұшырайды деген ғылыми болжам
дәлелденеді. Интернет кеңістігіндегі медиатекст – желінің феноменологиялық ерекшеліктеріне бейімделеді және ерекше медиалық қоспалар (интерактивтілік, сызықтық емес, аяқталмаған және т.б.) алады,
бұл өз кезегінде оның жанрлық және стилистикалық құрылымына күшті әсер етеді. Зерттеудің негізгі
тұжырымдары – қазіргі филология ғылымында Интернет байланысын зерделеу үшін перспективалы
медиа-стилистиканың жаңа саласы - Интернет стилистикасының пайда болуын сипаттау. Интернет-стилистиканың негізін кітап мәдениетінің классикалық мәтіндерінен де, дәстүрлі медиада (баспасөз, радио,
теледидар) жұмыс істейтін медиатекстерден де ерекшеленетін ерекше түрдегі медиатекстер (оларды интернет-мәтіндер деп атауға болады) құрайды. Интернет-мәтін классикалық мәтіннің жетекші параметрлерін сақтай отырып, интернет-коммуникацияның жаңа технологиялық ерекшеліктеріне байланысты
ерекше сипаттамалар алады.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Клушина, Н. . (2020). Қазіргі медиастилистикадағы интернет-мәтін. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 132(3), 25–31. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-132-3-25-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи