Туристік журналистиканың конвергентті ерекшеліктері мен интерактивті мүмкіндіктері
Қаралымдар: 64 / PDF жүктеулері: 156
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-133-4-61-76Кілт сөздер:
трэвел-журналистика, саяхат әдебиеті, трэвел-контекстік медиа, трэвел-блогерлерАңдатпа
Мақалада саяхат журналистикасы, трэвел-контекстік медиа саласындағы өзекті мәселелер
және олардың қазіргі қоғамдағы орны қарастырылады. Саяхат журналистикасының тәжірибесі байланыс пен журналистиканы зерттеушілерге арналған зерттеу саласы ретінде әлі де ескерілмейді. Осыған
қарамастан, көптеген зерттеушілер бұл теорияны жоққа шығарып, журналистік ғылым мен практикадағы трэвел-журналистика рөлінің өзектілігі мен маңыздылығына дәлел келтіреді. Осы зерттеу аясында
саяхатшы журналистердің пікірлері мен ғалымдардың медиа-туризм және коммуникация саласындағы
ғылыми еңбектері зерттелді.
Ғылыми мақаланың мақсаты - туристік журналистиканың конвергентті ерекшелігі мен интерактивті
мүмкіндігін бөліп көрсету. Әдеби шолу зерттеушілердің қызығушылықтарының туристік журналистиканың маңыздылығынан аудиториямен тиімді интерактивтілік мәселелеріне ауысуының бейнесін көруге
мүмкіндік береді. Шолуда Батыс, Еуропа, посткеңестік елдердің зерттеу материалдары бар.
Жұмыста саяхатты насихаттау бойынша трэвел-медиа деректерінің табыстылығы мен тиімділігін
анықтайтын әлеуметтік желілердегі трэвел-блогтар бойынша кейстер бар.
Зерттеу аясында жаңа техникалық мүмкіндіктер жағдайында қазіргі қоғамның трэвел-контекстік медиаға қатынасын анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі қоғамдағы
трэвел-контекстік медианың ағымдағы жағдайын анықтауға және олардың журналистикадағы рөлін
белгілеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ғылыми мақалаға қызығушылық таныту үшін телешоулар
мен әлеуметтік желілерді мысалға ала отырып, дәстүрлі және жаңа медианы салыстыратын SWOT-талдау жасалды.
Зерттеудің практикалық маңызы Әлемдік және отандық медиа нарықтарындағы трэвел-контекстік
медианың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау болып табылады