Магистратурада журналист оқытушылар дайындау мәселесі
Қаралымдар: 71 / PDF жүктеулері: 65
Кілт сөздер:
журналистік білім, журналистика оқытушысы, оқу пәні, магистратура, әсер етуші факторлар.Аңдатпа
Автор магистратурада оқылатын журналистиканы оқыту бойынша оқу курсының тұжырымдамалық негіздері мен мазмұнын ашады. Мақалада талдау барысында Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің тәжірибесі материал ретінде қолданылды. Журналистік білім жан-жақты әлеуметтік-гуманитарлық дайындықты, прогрессивті кәсіби идеологияны таратуды және практикалық оқытуды
біріктіретін күрделі кешен ретінде ұсынылған. Оқу курсы бірқатар өзара байланысты факторлардың
қалыптасуына әсерін тигізеді. Автор келесі факторларды дәйекті сипаттайды: нормативтік (білім беру дің заңдары мен ресми стандарттары), кадрлық (оқытушылардың құрамы мен біліктілігі), кәсіби-практикалық (Индустрия сұраныстары), аудиториялық (оқушылардың сипаттамалары) және ұйымдастырушылық-әдістемелік. Олардың қай-қайсысын да басым деуге болмайды, олардың әрқайсысы белгілі
бір оқыту параметрлерін ескереді, сондықтан оны ескеру қажет.