Медиа саласындағы социологиялық зерттеудің әдіснамасы
Қаралымдар: 77 / PDF жүктеулері: 64
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-134-1-12-26Кілт сөздер:
журналистика социологиясы, пікіртерім, респондент, экспресс-опрос, тюркоязычная среда, интернет, социальная сеть, религиозный экстремизмАңдатпа
Мақалада журналистикадағы социологиялық зерттеулер аясында қазіргі заманғы қайшылықты қоғамдық-саяси, мәдени және экономикалық жағдайлар туралы
пікіртерімдер топтастырылған. Зерттеу жастардың дәстүрлі діндердің қайсысын
ұстанатындықтарын, діни танымдары қандай деңгейде екендіктерін және дәстүрлі
емес діни ағымдар мен діни экстремистік ұйымдардың қызметі және олардың бүлдірушілік әрекеттеріне қарсы не істелуі, қалай істелуі керектігі туралы пікірлерді
сараптауға арналған. Пилотаждық зерттеулер, экспресс-сұрау, фокус топтық сұхбат
сияқты зерттеу амалдарын пайдалана отырып жазылған мақалада журналистикадағы
социологияның көпсатылы кездейсоқ іріктеу әдісі қолданылады. Ақпарат жинаудағы
сандық және сапалық тәсілдер жүзеге асқан. Фокус топтарды ұйымдастырып, пайдалану, статистикалық мәліметтерді сақтау, өңдеу, салыстыру, нәтижелерді медиа зерттеулерде пайдалану, жаңа әдістерді іріктеп алу, сұрау тәсілдері қолданылған. Социологиялық зерттеудің ықпалдылығы, респонденттердің таңдауына қарай іріктелуі, ашық
және жабық түрлері, сұрау салу әдістемесі (сауалнама, контент-талдау, эксперт сұрау,
терең сұхбат, телефон арқылы пікірлесу т.б.) қарастырылған. БАҚ-тағы контент
талдаудың мақсаты мен міндеттері де айқын көрсетіледі. Әлеуметтік желі арқылы
сұрау салу, оны сала-саласымен іріктеп орналастыру, кездейсоқ іріктеп сұрау салу сияқты әдіс-тәсілдер де пайдаланылды. Редакция жұмысындағы социологиялық зерттеу
проблемалары да (ұйымдастыру, жоспарлау әлеуметтік шындықты тану) назардан
тыс қалған жоқ