Цифрлық медиа: теориясы мен тәжірибесі
Қаралымдар: 139 / PDF жүктеулері: 1007
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-135-2-71-82Кілт сөздер:
цифрлық технологиялар, мультимедия, әлеуметтік медиа, медиа коммуникациялар, қауымдастық, журналистикаАңдатпа
Мақала мазмұны соңғы жылдары медиа индустрияға үлкен өзгерістер
әкелген қазіргі цифрлық технологияның ерешелігін сипаттауға, БАҚ-тың даму бағытын
анықтауға бағытталған. Соның ішінде, цифрлық медианың теориясы мен практикасы
жөнінде отандық және шетелдік теоретиктер мен практиктердің пайым-түсініктері,
көзқарас-ұстанымдары жүйеленіп, талданды. Сондай-ақ, еліміздегі және шетелдердегі
классикалық БАҚ-тың цифрлық медиаға бейімделу процесі, цифрландыру ғасырындағы
журналистің қызметі мен кәсіби этикасының өзгеруі талданған.
Мақалада цифрлық технология БАҚ-ты дамыту факторы ретінде ғана емес, осымен
байланысты журналистика саласында кейбір мәселелерді қайта қарау керектігі көтерілген. Кәсіби журналист болу қажеттілігін өзектендірген. Медиатехнология өнер
ретінде қарастырылып, кәсібиліктің түрленуі заңды құбылыс екендігі сөз болады. Осы
орайда журналистика саласындағы шетелдік тәжірибелерді мысал ретінде келтіреді.
Цифрлық технология дәуіріндегі классикалық БАҚ-тың тынысы туралы болжамдар
негізінде автордың көзқарасы берілген. Зерттеу нәтижелері мен статистикалық
мәліметтерге сүйене отырып, автор пессимистік болжамдарға қарамастан, газеттер
мен журналдардың даму перспективалары бар деген тезисті алға тартады. Оларды жаңа
жағдайларға бейімдеу жөніндегі міндеттерді шешу үшін оларға цифрлық дәуірде табысты жұмыс істеуге және жаңа позицияларға ие болуға мүмкіндік беретін стратегияларды түзету қажет. Жаңа медианың бүгінгі сипаты цифрлық дәуірдегі ақпараттық
коммуникацияның түрленуін талдау барысында теория мен практика негізге алынды.