Қазақстандық БАҚ- тың әлеуметтік желілерді пайдалану ерекшеліктері
Қаралымдар: 89 / PDF жүктеулері: 289
Кілт сөздер:
әлеуметтік медиа маркетинг, БАҚ, аудитория, таргеттеу, насихаттау құралдарыАңдатпа
Мақала авторлары қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарын әлеуметтік
желілерде ілгерілету ерекшеліктерін зерттейді, маркетингтің мүмкіндіктері мен әлеуетін ең
өзекті платформаларда қарастырады: Instagram, Facebook, VKontakte, Youtube, Telegram, Tik Tok.
Мақалада қазақстандық интернет кеңістігінің бұқаралық ақпарат құралдарына талдау және
олардың танымалдығын арттыру жолдары келтірілген. Заманауи бұқаралық ақпарат
құралдарының әлеуметтік желілерді пайдалануын талдау арқылы авторлар қазақстандықтар
Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар мен болып жатқан оқиғаларды қадағалау үшін көбіне
Instagram әлеуметтік желісіне жүгінеді деген қорытындыға келеді. Зерттеуде пайдаланушының
тәжірибесін жақсарту үшін барлық әлеуметтік желілерде мазмұнды жылжытудың жақсы
құрылымдалған курсының маңыздылығына назар аударылады. Зерттеуде маңызды орын
әлеуметтік желілердегі медианы жылжытудың нақты жағдайлары мен табысты стратегия құру
фрагменттеріне берілген.