Деректі фильм түсірудегі заманауи талаптар


Қаралымдар: 77 / PDF жүктеулері: 194

Авторлар

  • Ы.Д. Егембердиев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • О.І. Тұржан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Э.Е. Ибраева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-136-3-48-54

Кілт сөздер:

деректі фильм, деректі фильм ерекшелігі, медиаөнімнің инновациялық сипаты, титр, автор, режиссер

Аңдатпа

Бұл мақалада деректі фильмге теориялық тұрғыдан анықтама беріліп, оның
журналистік шығармашылық пен кинематографиялық өнердің бірге өрілген өнімі
ретіндегі сипаттамасы айқындалады. Публицистика мен экрандық драматургияның
қосылған туындысы бағытындағы деректі фильмдерге және оны түсіруге қойылатын
негізгі талаптар, заманауи әдіс-тәсілдер, деректі фильм жасаудың ең негізгі
баспалдақтары, олардың техникалық-бейнелеуші элементтерінің құрылымдық
ерекшеліктері қарастырылады. Телевизиядағы деректі фильмдердің ең негізгі үш тобы
ретіндегі портреттер, тергеу және ғылыми-көпшілік фильмдердің құрылымына,
мазмұнына қысқаша анықтама беріледі. Қазіргі таңдағы көрерменнің визуалды
ақпаратқа бейімділігі жаңа талаптар қойып отыр. Осыған орай іскери коммуникацияда
тұсаукесер өткізу рәсімдері де ерекше маңызға ие болып, жаңаша сипат алды. Бұл
зерттеу мақалада жаңа өнімнің немесе қызметтің пайда болуы туралы кең түрде
ұтымды ақпарат берудің және мұндай іс-шараны ұйымдастырудың ең тиімді
тәсілдерінің бірі ретіндегі деректі фильм түсірудің маңызына да ғылыми тұжырымдар
беріледі. Деректі фильмге қатысушыларға қойылатын ең негізгі талаптар да талданады.
Деректі фильмге қатысушы кейіпкердің камера алдында өзін еркін ұстауына
мүмкіндіктер жасалуының қажеттілігі, деректі фильмнің өзіндік режиссурасы, фильм
мәтінін оқитын адамның дауысына, харизмасына қойылатын талаптарға тоқталады.
Заманауи деректі фильмдерде қолданылатын титрдің маңызы ашып көрсетіледі.
Авторлар тақырыпты зерттеу барысында деректі фильм түсіру шеберлері мен кино
өнерін зерттеушілердің ғылыми-тұжырымдамалық еңбектеріне сүйенген. В.
Шкловскийдің, Х. Зайпельдің, Л.Г.Парфеновтың жоғары сапалы деректі фильм құру
кезіндегі басты қағидаларын нысанаға алып, көрермен ұтымды қабылдайтын
тұстарына кең талдау жасайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Егембердиев, Ы., Тұржан, О. ., & Ибраева, Э. . (2021). Деректі фильм түсірудегі заманауи талаптар. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 136(3), 48–54. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-136-3-48-54

Журналдың саны

Бөлім

Статьи