Көші-қонды зерттеу дискурсының медиа аспектілері
Қаралымдар: 76 / PDF жүктеулері: 106
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-136-3-35-47Кілт сөздер:
көші -қон, БАҚ, қандас, тұрақты даму, оралман, босқынАңдатпа
Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азияның бірқатар елдеріндегі саяси қақтығыстар
мен шиеленістің күшеюі көші-қон процестерінің өсуі мен бақылау проблемасын күшейтті,
оларды қабылдаушы мемлекеттердің экономикалық көрсеткіштеріне әсерін көрсетеді. Мақалада
мигранттардың мотивациясы мен мақсаттарының теориялық зерттеу нәтижелері берілген,
қайтару көші-қон қазақстандық алгоритмі сипатталған, Қазақстандағы жаңа және дәстүрлі
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кандастардың әлеуметтік бейімделуі ақпараттық қолдау
деңгейі мен формалары зерттелген. Әлемнің түрлі мемлекеттегі «қоныс аударушы», «мигрант»,
«оралман» терминдерінің контексті талданды. Тұрақсыз Ауғанстаннан оралғысы келетін
этникалық қазақтардың мысалында, «қоныс аударушы» мен «босқын» ұғымдарының заманауи
түсіндірме айырмашылықтары көрсетілген. Қандас терминін қабылдау мен денотаттаудың
отандық концепциясы, оның ақпарат құралдарындағы коннотациясы анықталды. Авторлар
салыстыру, шолу, контент-талдау және сауалнама әдістерін қолдана отырып, көші-қон
мәселесіне қазақстандықтардың «азаматтық жауап» қалыптастыруының тұрақты белгілерін
анықтады. Бағалау мен дәлелділік категорияларына негізделген, оралман тұжырымдамасынан
қандас терминіне терминологиялық көшуінің қазақстандық концепциясы дүниетаным
парадигмасының өзгеруіне әсер етуі, оны жүзеге асыру бұқаралық ақпарат құралдары мен
коммуникациялық технологиялар арқылы мүмкін екені дәлелденген.