Covid-19 кезіндегі баспасөз бостандығы мәселелері
Қаралымдар: 75 / PDF жүктеулері: 206
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-137-4-95-101Кілт сөздер:
төтенше жағдай, пандемия, коронавирус, журналист бостандығы, сөз бостандығы, инфодемия, фейк ақпаратАңдатпа
2019 жыл дүниежүзін COVID-19 ауруымен дүрліктірді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының шешімімен «пандемия» статусы берілген бұл аурумен күресу әлі күнге дейін жалғасуда. Қазақстан азаматтарды қорғау үшін пандемияның тез таралуына байланысты шаралар қабылдады. Бұл
шаралардың заңдылығы, сипаты және пропорционалдығы туралы аталған мақалада көрініс табады.
Қазақстан пандемияға жауап ретінде 2020 жылы 16 наурызда төтенше жағдай жариялап, азаматтардың еркін жүріп-тұруына және басқа да негізгі бостандықтарына қатаң шектеулер қойды. Карантин
кезіндегі шектеулер ақпараттың ашық әрі кедергісіз таралуына бірқатар қиындықтар туғызды. Әсіресе, журналисттердің жұмысына кедергі келтірілді. Автор редакциялық тәуелсіздік проблемасын журналистердің кәсіби шеберлігінің маңызды бөлігі ретінде шетелдік тұжырымдамалар тұрғысынан қарастырады. Автор сөз бостандығын пандемия кезіндегі медиа нарықтың шындығын түсінуге деген нормативтік
тәсіл арасындағы қайшылықтарды талдайды.