Аймақтық БАҚ-ты зерттеудің өзекті мәселелері


Қаралымдар: 179 / PDF жүктеулері: 172

Авторлар

  • Г.Ш. Әшірбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Р.М. Есназарова Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
  • С.Б. Бахтиярқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-143-2-8-15

Кілт сөздер:

БАҚ, аймақ, облыс, газет, редактор, контент-талдау

Аңдатпа

Мақалада аймақтық БАҚ-ты зерттеудің өзекті мәселелері талданады. Автор баспасөз тарихын зерттеу әдістері мен ғалымдардың еңбектерінде кездесетін деректерді салыстыра отырып, алдағы уақытта облыстық газеттер тарихын жүйелеу қажеттігін алға тартады. Зерттеу еңбектерін салыстыра отырып, аймақтық баспасөз тарихындағы деректер сәйкессіздігін кесте арқылы көрсеткен. Сондай-ақ аймақтық БАҚ-тың отандық журналистикадағы орны мен маңызды қызметіне тоқталып, цифрлық дәуірдегі технологиялық мүмкіндіктерді игерудің маңызын айқындайды. Автор аймақтық БАҚ-қа қатысты бірқатар зерттеу еңбектерін негізге алып, олардың жаңашылдығын көрсеткен.

Аймақтық БАҚ-ты зерттеуді өзекті мәселелерін жіктей келіп, олардың маңызына тоқталған. Сондай-ақ алдағы уақытта қарастырылуы керек мәселелерді айқындайды. Мақалада аймақтық ақпарат құралдарының жаңа медиа мүмкіндіктерін пайдаланудағы кемшіліктер нақты көрсетілген. Шетелдік аймақтық БАҚ зерттеушілерінің зерттеу әдістеріне мән беріп, аймақтық БАҚ қызметіндегі түйткілді мәселелерді қарастыру қажеттігі анықталған.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Әшірбекова, Г. ., Есназарова, Р. ., & Бахтиярқызы, С. (2023). Аймақтық БАҚ-ты зерттеудің өзекті мәселелері. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 143(2), 8–15. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-143-2-8-15

Журналдың саны

Бөлім

Статьи