Тұрсынбек Кәкішев публицистикасындағы алаштану мәселелері


Қаралымдар: 103 / PDF жүктеулері: 336

Авторлар

  • Г. Әшірбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • К. Ахмет Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Ж.Е. Бегайдарова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-141-4-66-73

Кілт сөздер:

интеллигенция, идея, Алашорда қозғалысы, публицистика, алаштану

Аңдатпа

Мақалада ғалым Т.Кәкішев публицистикасындағы алаштану мәселесінің
зерттелуі мен ондағы автордың жеке көзқарасы, азаматтық ұстанымы талданып,
тұжырым жасалады. Кеңестік кезең тарихы мен әдебиетінде әлі күнге дейін толыққанды зерттеліп бітпеген Алаш идеясына қарсы көзқарастың өрбуіне әсер еткен жағдайларды қарастырған ғалымның еңбектерінде деректілік басым. Отандық тарихтың әр
кезеңінде болған саяси идеологияның салдарынан запа шеккен, жала жабылған ұлт зиялыларының тағдырына қатысты статистикалық мәліметтер келтірген публицистикалық мақалаларында ғалым зерттеу әдістеріне баса көңіл бөлінеді. «Жұлдыз» журналы,
«Лениншіл жас» газеттерінде жарық көрген қазақ интеллигенциясының тағдыры жайлы тұжырымдары ғалымды жаңа қырынан танытады.
Т.Кәкішевтің әдеби сынның тарихын қарастырудағы баспасөздің қызметіне ерекше
мән беруі, Уфадағы «Ғалия» медресесінің шәкірттері шығарған «Садақ» журналы жайлы
зерттеу эссесі, аймақтану, тұлғатанудағы журналистік сапарларынан жазылған туындылары ақпарат жинау мен қорытудың, талдаудың, болжам жасаудың үлгісін көрсетеді. Ғалымның «Қияс қисындар қияметі», «Қағидаға айналған қателер түзелсе», «Ұлт
зиялыларының тағдыр-талайы» атты мақалаларында тарихи оқиға мен сол кезеңдегі
саяси ахуалды қарастыра келіп, алаш зиялыларына жала жапқан мақалаларға қатысты
тұжырымдары түсіндіріледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Әшірбекова, Г., Ахмет, К., & Бегайдарова, Ж. (2022). Тұрсынбек Кәкішев публицистикасындағы алаштану мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 141(4), 66–73. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-141-4-66-73

Журналдың саны

Бөлім

Статьи