А. Байтұрсынұлы – ұлттық журналистиканың негізін қалаушы


Қаралымдар: 101 / PDF жүктеулері: 126

Авторлар

  • Қ.О. Сақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-139-2-103-109

Кілт сөздер:

ұлт, ұстаз, Байтұрсынов, алаш, газет, көсемсөз

Аңдатпа

Ұлтқа адал қызмет етудің хас үлгісін өз еңбегімен тарихымызға тасқа қашағандай етіп, өшпестей таңбалап кеткен Ахмет Байтұрсынұлының халқымыздың
жоғын түгендеп, барын бүтіндеуге, ұлтымыздың сана-сезімін кемінде елу жыл алға оздыруға сіңірген өлшеусіз қызметін түгел айту үшін том-том кітап жазсақ та, түгесе
алмайтын шығармыз. Бір ғана қыры – ұлттық журналистикамыздың қалыптасуына
қосқан үлесінің өзін таратып айтуға бір ғылыми мақала тұрмақ, тұтас монография
арнасақ та сыйғыза алмасымыз анық. Сол себепті бұл жолы тақырыпты толық ашу
үшін ғылыми тұжырымдарымызбен ғана бөлісуді жөн көрдік.
Әу баста айтарымыз, бар саналы ғұмырын халқының қамын күйттеуге арнаған, сол
жолда қуғын-сүргіннің жеті атасын көріп, әуелі патшалық Ресейдің, кейіннен Кеңес
Одағы аталатын алып империяның саяси қуғын-сүргін, зорлық-зомбылығын бастан әбден шегіп, ақырында ату жазасымен үлкен жүрегі мәңгілік дамыл тапқан Ұлт Ұстазына
арнап талай шара ұйымдастырылар, Тәуелсіз Қазақстанның әр қаласынан алып ескерткіш ашылар, ерен еңбегіне қарай бар сый-сыяпаты жасалар. Ел егемендігін сақтап тұрар
болсақ, ол күн де туар, оған ешқандай күмәніміз жоқ.
Дей тұрсақ та, ең үлкен құрмет Ұлт Ұстазының ұлы идеяларын, уақыт сынынан өткен асыл ойлары мен ұрпаққа қалдырған өсиеттерін бұлжытпай орындап, шынайы жүзеге асырсақ, басқаша айтқанда, аманатқа адалдық танытсақ, әруақ алдындағы парызымыздың ең үлкен өтемі сол болар еді-ау деген ой санамызда жаңғырады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сақ, Қ. (2022). А. Байтұрсынұлы – ұлттық журналистиканың негізін қалаушы. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 139(2), 103–109. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-139-2-103-109

Журналдың саны

Бөлім

Статьи