Кеңестік әскери баспасөздегі патриоттық тәрбие (1960-1990 жж.)
Қаралымдар: 72 / PDF жүктеулері: 132
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-139-2-95-102Кілт сөздер:
әскери журналистика, әскери баспасөз тарихы, әскер, патриоттық тәрбие, тәртіпАңдатпа
Мақалада баспасөздің әскери қызметшілерді патриоттық тәрбиелеуге арналған ғылыми жұмыстарға жан-жақты тоқталып, сараптама жасалды. Кеңестік
Социалистік Республикалар Одағында әскери қызметшілермен патриоттық жұмыстарына арналған бұқаралық ақпарат құралдалдарының, соның ішіндегі баспа беттеріндегі отансүйгүштік тәрбиелерге арналған мақалалардың көтерген мәселелері бойынша
зерттеген ғалымдардың жұмыстары екшеленді. Кеңес Одағының басшылығы бұқаралық
ақпарат құралдарына, оның ішінде әскери мерзімді баспа бұқаралық ақпарат құралдарына маңызды орын берді. Олардың көмегімен жастардың санасына мақсатты әсер
етіліп, бойларына патриоттық қасиеттерді дарытты. Әскери мерзімді баспа, бұқаралық ақпарат құралдары кеңес әскерін патриоттық рухта тәрбиелеу жұмысында орны
ерекше болды. Әскери журналистика – тәрбие құралдарының құрамдас бөліктерінің
бірі ретінде пайдаланылды. Сонымен қатар әскери баспа беттері бұқаралық ақпарат
құралдарының жиынтығы ретінде халықты әскери өмірдің жаңалығымен хабардар
ететін құрал ретінде қарастырылады. Сол жылдары ғалымдар мен практиктер арасында патриоттық тәрбие тақырыбына қызығушылық жоғары болды. Бұл мәселеге
көптеген зерттеулер арналды.
Отан патриоттарын тәрбиелеудің әртүрлі аспектілері бірнеше кандидаттық және
докторлық диссертациялардың зерттеу нысанына айналды. Дегенмен, зерттеушілер
1960-1990 жылдардағы әскери қызметшілерді патриоттық тәрбиелеу бойынша әскери
басылымдардың қызметіне тиісті назар аударылмағаны байқалды. Елдің кеңестік даму
кезеңінде патриоттық тақырыпты зерттеудің кең ауқымы бар. Осы кезеңдегі әлеуметтік тарихшылардың ғылыми назарының объектісі әскердің жеке құрамын рухани
және саяси тәрбиелеудің негізі ретінде «кеңестік патриотизм» болды. Бүгінгі күні патриоттық тәрбие мәселелеріне арналған жұмыстардың бағыты да айтарлықтай өзгеруде. Зерттеу жұмыстарында жеке тұлға мен қоғамдағы патриотизм мүдделерінің
қайшылықтары туралы талдау жасау қажеттігі туындап жатыр.